САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ақ Үйдегі кездесу Иран мәселесін шешпеді
Иранмен жүргізілген келіссөздерде АҚШ-тың қатаңырақ ұстаным танытуын қалаған Нетаньяху Ақ Үйге дәстүрлі құрмет қарауылынсыз, артқы есіктен кіргізілді.
Ақ Үйдегі кездесу Иран мәселесін шешпеді
Нетаньяху кеңсесі жариялаған суретте Трамп пен Нетаньяху қол алысып тұр. / AA
12 Ақпан 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Беньямин Нетаньяхумен өткен «өте жақсы» кездесуде нақты шешім қабылданбағанын, алайда Иранмен келісімге келу мақсатындағы келіссөздердің жалғасатынын айтты.

Трамп әлеуметтік желіде: «Егер келісім мүмкін болса, біз оны қалайтынымызды премьер-министрге жеткіздім. Егер мүмкін болмаса, оның нәтижесі қандай болатынын бәріміз бірге көреміз», - деп, өткен жылы АҚШ-тың Иранның ядролық бағдарламасына жасаған шабуылдарын еске салды. Сонымен қатар ол: «Бұған қоса Газада және жалпы аймақта қол жеткізілген орасан зор ілгерілеуді талқыладық», - деді.

Нетаньяхудың кеңсесі таратқан мәлімдемеде Нетаньяхудың Трамппен кездесуде Иран жөніндегі келіссөздерге қатысты «Израиль мемлекетінің қауіпсіздік қажеттіліктерін қорғауда табандылық танытқаны» айтылды.

Журналистердің кіруіне рұқсат етілмеген кездесуде Трамп пен Нетаньяхудың қол алысқан сәттері Нетаньяху кеңсесі жариялаған фотосурет арқылы көрсетілді.

Вашингтон мен Тегеран өткен аптада Оманда ядролық келіссөздерді қайта бастаған болатын. Келіссөздер өткен жылдың шілде айында Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс кезінде АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған шабуылдарынан кейін тоқтатылған еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - «АҚШ пен Иран ядролық келісімге оң көзқарас танытуда»
Іздеу
Иранның ұшқышсыз ұшағы Әзербайжанға келіп құлады
Израильдің әуе шабуылдарынан Ливанда 12 адам қаза тапты
БҰҰ: “Газада әйелдер мен қыздар аса қиын жағдайда”
АҚШ Кувейтте қаза тапқан екі сарбаздың аты-жөнін жариялады
АҚШ–Израиль шабуылдарынан 926 адам қаза тапты
НАТО Түркияға бағытталған Иранның баллистикалық зымыранын атып түсірді
Өзбекстан президенті педофилия қылмысына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізді
Ұлттық Қорғаныс министрлігі: «Түрік әуе кеңістігіне бағытталған баллистикалық оқ-дәрілер жойылды»
АҚШ бірқатар елге саяхаттамауға кеңес берді
Иранға қарсы АҚШ-Израиль соғысы басталғалы бері 9 000 америкалық Таяу Шығыстан қашты
«CENTCOM»: «АҚШ-тың Иранға қарсы соғысқа дайындығы өте жоғары»
Трамп АҚШ Әскери-теңіз күштеріне Ормуз бұғазымен өтетін мұнай танкерлерін қорғауды тапсырды
Израиль Ливанға жасалған шабуыл кезінде «Хезболланың» жоғары лауазымды өкілі өлтірілгенін мәлімдеді
«Түркия мәселелерді «бейбітшілікке негізделген дипломатиямен» шешуге тырысуда»
Түркия Израильде ұсталған «CNN Türk» тілшілерінің дереу босатылуын талап етті