САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ақ Үйдегі кездесу Иран мәселесін шешпеді
Иранмен жүргізілген келіссөздерде АҚШ-тың қатаңырақ ұстаным танытуын қалаған Нетаньяху Ақ Үйге дәстүрлі құрмет қарауылынсыз, артқы есіктен кіргізілді.
Ақ Үйдегі кездесу Иран мәселесін шешпеді
Нетаньяху кеңсесі жариялаған суретте Трамп пен Нетаньяху қол алысып тұр. / AA
12 Ақпан 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Беньямин Нетаньяхумен өткен «өте жақсы» кездесуде нақты шешім қабылданбағанын, алайда Иранмен келісімге келу мақсатындағы келіссөздердің жалғасатынын айтты.

Трамп әлеуметтік желіде: «Егер келісім мүмкін болса, біз оны қалайтынымызды премьер-министрге жеткіздім. Егер мүмкін болмаса, оның нәтижесі қандай болатынын бәріміз бірге көреміз», - деп, өткен жылы АҚШ-тың Иранның ядролық бағдарламасына жасаған шабуылдарын еске салды. Сонымен қатар ол: «Бұған қоса Газада және жалпы аймақта қол жеткізілген орасан зор ілгерілеуді талқыладық», - деді.

Нетаньяхудың кеңсесі таратқан мәлімдемеде Нетаньяхудың Трамппен кездесуде Иран жөніндегі келіссөздерге қатысты «Израиль мемлекетінің қауіпсіздік қажеттіліктерін қорғауда табандылық танытқаны» айтылды.

Журналистердің кіруіне рұқсат етілмеген кездесуде Трамп пен Нетаньяхудың қол алысқан сәттері Нетаньяху кеңсесі жариялаған фотосурет арқылы көрсетілді.

Вашингтон мен Тегеран өткен аптада Оманда ядролық келіссөздерді қайта бастаған болатын. Келіссөздер өткен жылдың шілде айында Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс кезінде АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған шабуылдарынан кейін тоқтатылған еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - «АҚШ пен Иран ядролық келісімге оң көзқарас танытуда»
Іздеу
Түркия Сыртқы істер министрі Ирандағы жағдайға байланысты бірқатар келіссөз өткізді
«Иран әділетсіз әрі заңсыз шабуылға ұшырады»
Президент Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды
Түрік әуе компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты
Иранға бағытталған шабуылдар басталғалы бері  АҚШ-тың 6 сарбазы қаза тапты
Иран Хормуз бұғазынан өтуге тырысқан кемелерге шабуыл жасалатынын ескертті
Әлем елдері өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауда
БҰҰ: «Израиль Газаға гуманитарлық көмекті тоқтатты»
Түркия мен Иран шекарасында шектеу
Израиль Ливанда 31 адамды өлтірді
Иран дағдарысы салдарынан мұнай бағасы артуы мүмкін
Иран Израильді атқылады: Бейт-Шемеште 9 адам қаза тапты
Али Лариджани: «Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді»
Кувейттегі АҚШ әуе базасының маңында әскери ұшақ құлады
Мьянма армиясы 10 мың тұтқынды рақымшылықпен босатты