ЭКОНОМИКА
1 ... минут оқылды
Түрік компаниялары жылдың алғашқы 4 айында 872 миллион долларлық кілем сатты
“TİM “Кілем секторы кеңесінің төрағасы Искендер Каплан: «Күн өткен сайын жаңа сән, жаңа дизайн және инновациямен өте қарқынды жұмыс істей отырып, саудамызға екпін қосып келеміз», — деді.
Түрік компаниялары жылдың алғашқы 4 айында 872 миллион долларлық кілем сатты
Түрік компаниялары жылдың алғашқы 4 айында 872 миллион долларлық кілем сатты

Түркияның кілем секторы 2026 жылдың қаңтар-сәуір кезеңінде 871 миллион 732 мың долларлық сыртқы сауда жүзеге асырды.

Анадолы агенттігі тілшісінің Түркия экспорттаушылар мәжілісінің (TİM) мәліметтерінен жинақтаған ақпаратына сәйкес, жылдың алғашқы 4 айында экспортталған 172 миллион 946 мың шаршы метр кілемнен 871 миллион 732 мың доллар табыс табылды.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда құндық деңгейде 2,1 пайыз, ал көлемдік деңгейде 2 пайыздық төмендеу тіркелді.

Ең көп экспорт 250 миллион 298 мың доллармен АҚШ-қа, 120 миллион 951 мың доллармен Сауд Арабиясына және 68 миллион 400 мың доллармен Ұлыбританияға жасалды.

Жыл соңындағы мақсат — 3,5 миллиард доллар

Кілем секторы кеңесінің төрағасы Искендер Каплан Анадолы агенттігі тілшісіне берген сұхбатында кілем өндірісі Түркияның ең әлеуетті салаларының қатарында екенін білдіріп, «Күн өткен сайын жаңа сән, жаңа дизайн және инновациямен өте қарқынды жұмыс істей отырып, саудамызға екпін қосып келеміз. Жаһандық әлемдегі соғыстардың салдары әрине тиіп жатыр. Әсіресе Таяу Шығыс біздің өте үлкен нарығымыз болғандықтан, Иран соғысына байланысты тасымалдау және логистика тұрғысынан кейбір қиындықтар туындауда. Бұл да уақыт өте келе шешіледі деп ойлаймын», — деді.

Биыл экспорттық межелерді ұлғайтқандарына тоқталған Каплан: «Өткен жылды 2,8 миллиард доллармен түйіндеген едік, биылғы мақсатымыз 3,5 миллиард доллар шамасында болады», — деп сөзін сабақтады.

Іздеу
Түркия АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімді құптады
Батыс Шерияда үш жыл ішінде 1 244 палестиналық қаза тапты
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
НАТО саммиті қарсаңында маңызды жиын өтті
АҚШ НАТО-ның Еуропадағы операцияларын қысқартпақ
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
Президент Ердоған: «Түрік Қызыл жарты ай ұйымы жаһандық қызметімен ерекшеленеді»
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі
БҰҰ Израильді палестиналық балаларды қорғауға шақырды