Техастағы «Valero» мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды
АҚШ-тағы ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірінде болған жарылыстан кейін өрт шықты.
Техастағы «Valero» мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды / AP
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Техас штатының Порт-Артур қаласындағы «Valero» мұнай өңдеу зауытында жарылыс болып, артынша ірі өрт шыққан.
Порт-Артурдың батыс бөлігіндегі тұрғындарға үйлерінен шықпау туралы ескерту жасалды.
Жарылыстан кейін аспанға қою қара түтін мен жалын көтерілген. Кадрларда ауқымды өрттің болғаны көрінеді.
Тәулігіне 335 мың баррель мұнай өндіретін бұл зауыт ˗ АҚШ-тағы ең ірі мұнай өңдеу нысандарының бірі.
Оқиға орнына жедел қызмет тобы жіберілді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Жарылыстың себебі әзірге белгісіз.