ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Атысты тоқтату келісіміне қарамастан Израиль шабуылдарын жалғастыруда
Газаның оңтүстігінде орналасқан Хан Юнус қаласының орталығындағы әл-Катиба ауданына бірнеше артиллериялық снаряд және ұшқышсыз ұшу аппаратымен шабуыл жасалды.
Атысты тоқтату келісіміне қарамастан Израиль шабуылдарын жалғастыруда
Атысты тоқтату келісіміне қарамастан Израиль шабуылдарын жалғастыруда / AA

Атысты тоқтату келісіміне қарамастан, жұма күні таңертең Израиль армиясы Хан Юнус пен Газаны бомбалауды жалғастырды. Палестинаның ресми ақпарат агенттігі «WAFA» хабарлағандай, Хан Юнус қаласының оңтүстігіндегі әл-Катиба ауданына бірнеше артиллериялық снаряд түскен және қаланың үстінен ұшқышсыз ұшу аппараттары байқалған. Газаның шығыс бөліктері де артиллерия мен тікұшақ атқылауына ұшыраған.

Израиль үкіметі жұма күні таңертең премьер-министр кеңсесі арқылы жариялаған мәлімдемесінде Газадағы соғысты тоқтату және палестиналық топтармен тұтқын алмасу жөніндегі келісімді мақұлдағанын хабарлады. Израиль баспасөзінің ақпаратына сәйкес, Израиль шешімді қабылдағаннан кейін атысты тоқтату бірден күшіне енді.

29 қыркүйек күні АҚШ президенті Дональд Трамп Газадағы жағдайға арналған 20 тармақтан тұратын атысты тоқтату жоспарын ұсынған болатын. Бұл жоспар барлық израильдік тұтқындарды шамамен 2 000 палестиналық тұтқынға айырбастауды, атысты тоқтатуды және Израиль армиясының Газадан шығуын көздейді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Газаға қатысты бітім келісіміне бүгін қол қойылады

Жоспардың екінші кезеңі палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС-тың қатысуынсыз Газада жаңа басқару тетігін құруды, Палестина, араб және мұсылман елдерден құралған қауіпсіздік күштерін жасақтауды және ХАМАС-тың қарусыздандырылуын қарастырады.

Сонымен қатар жаңа әкімшіліктің құрылуы мен өңірдің қалпына келтірілуі үшін араб және мұсылман елдерінің қаржылай қолдау көрсетуі, ал Палестина әкімшілігінің шектеулі түрде қатысуы шарт.

Араб және мұсылман елдері бұл жоспарды мақұлдаса да кейбір шенеуніктер жоспардың толық жүзеге асуы үшін әлі де көптеген егжей-тегжейдің талқыланып, келіссөздер жүргізілуі қажет екенін атап өтті.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты