ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Атысты тоқтату келісіміне қарамастан Израиль шабуылдарын жалғастыруда
Газаның оңтүстігінде орналасқан Хан Юнус қаласының орталығындағы әл-Катиба ауданына бірнеше артиллериялық снаряд және ұшқышсыз ұшу аппаратымен шабуыл жасалды.
Атысты тоқтату келісіміне қарамастан Израиль шабуылдарын жалғастыруда
Атысты тоқтату келісіміне қарамастан Израиль шабуылдарын жалғастыруда / AA

Атысты тоқтату келісіміне қарамастан, жұма күні таңертең Израиль армиясы Хан Юнус пен Газаны бомбалауды жалғастырды. Палестинаның ресми ақпарат агенттігі «WAFA» хабарлағандай, Хан Юнус қаласының оңтүстігіндегі әл-Катиба ауданына бірнеше артиллериялық снаряд түскен және қаланың үстінен ұшқышсыз ұшу аппараттары байқалған. Газаның шығыс бөліктері де артиллерия мен тікұшақ атқылауына ұшыраған.

Израиль үкіметі жұма күні таңертең премьер-министр кеңсесі арқылы жариялаған мәлімдемесінде Газадағы соғысты тоқтату және палестиналық топтармен тұтқын алмасу жөніндегі келісімді мақұлдағанын хабарлады. Израиль баспасөзінің ақпаратына сәйкес, Израиль шешімді қабылдағаннан кейін атысты тоқтату бірден күшіне енді.

29 қыркүйек күні АҚШ президенті Дональд Трамп Газадағы жағдайға арналған 20 тармақтан тұратын атысты тоқтату жоспарын ұсынған болатын. Бұл жоспар барлық израильдік тұтқындарды шамамен 2 000 палестиналық тұтқынға айырбастауды, атысты тоқтатуды және Израиль армиясының Газадан шығуын көздейді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Газаға қатысты бітім келісіміне бүгін қол қойылады

Жоспардың екінші кезеңі палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС-тың қатысуынсыз Газада жаңа басқару тетігін құруды, Палестина, араб және мұсылман елдерден құралған қауіпсіздік күштерін жасақтауды және ХАМАС-тың қарусыздандырылуын қарастырады.

Сонымен қатар жаңа әкімшіліктің құрылуы мен өңірдің қалпына келтірілуі үшін араб және мұсылман елдерінің қаржылай қолдау көрсетуі, ал Палестина әкімшілігінің шектеулі түрде қатысуы шарт.

Араб және мұсылман елдері бұл жоспарды мақұлдаса да кейбір шенеуніктер жоспардың толық жүзеге асуы үшін әлі де көптеген егжей-тегжейдің талқыланып, келіссөздер жүргізілуі қажет екенін атап өтті.

Іздеу
Президент Ердоған «Аналар күнімен»  құттықтады
Сауд Арабиясы әуе кеңістігін әскери операциялар үшін пайдалануға рұқсат бермегенін мәлімдеді
Дрон шабуылынан Ресейдің оңтүстігіндегі 13 әуежайдың жұмысы тоқтап қалды
Түрік қорғаныс компаниялары үш күнде 8 млрд долларлық экспорт келісімін жасасты
Индонезияда жанартау атқылады
Иран АҚШ әскери-теңіз күштеріне зымыранмен соққы берді
АҚШ-та мыңдаған оқу орны ауқымды кибершабуылға ұшырады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хантавирустың артуы мүмкін екенін ескертті
Испания Израиль өкілін Сыртқы істер министрлігіне шақыртты
"Түркия - Еуропаның қауіпсіздігі үшін таптырмас ел"
Энергиядағы тәуекелдеріне қарсы Түркияның кепілі - ГЭС-тер
Түркия мен Алжир президенттері кездесті
Түркия Иран мен  АҚШ-ты диалогқа шақырды
Қытайдың бұрынғы қорғаныс министрлері өлім жазасына кесілді
Түркия 2027 жылы Халықаралық көлік форумына төрағалық етеді