ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшақтары бойынша берген уәдесін орындайтынына үміттенеді
Президент Ердоған Трамппен F-35 келісімі туралы талқылаудың оң сипатта өткенін айтып, АҚШ-ты өз міндеттемелерін орындауға шақырды.
Президент Ердоған АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшақтары бойынша берген уәдесін орындайтынына үміттенеді
Президент Ердоған АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшақтары бойынша берген уәдесін орындайтынына үміттенеді / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған F-35 жойғыш ұшақ бағдарламасы бойынша АҚШ президенті Дональд Трамппен соңғы келіссөзде оң қадам басылғанын айтты.

Әзербайжанның Жеңіс күніне арналған шарадан оралар кезде ұшақта журналистерге мәлімдеме жасаған Ердоған Вашингтон өз міндеттемелерін орындайды деп үміттенетінін білдірді.

Ол F-35 ұшақтарын алу Түркияға өңірде күшті операциялық және технологиялық артықшылық беретініне баса назар аударды.

«Техникалық деңгейдегі келіссөздер мен ілгерілеу маңызды. Әрине F-16 және F-35 мәселелері де бар. АҚШ президенті Трамппен соңғы кездесуімізде F-35 бойынша жемісті нәтиже алдық. Уәделердің орындалуына үміт етемін және біз F-35 ұшақтарымен мықты мүмкіндіктерге ие боламыз», — деді Ердоған.

“Eurofighter”

Әуе күштерін кеңейту туралы әңгімені жалғаған Ердоған Ұлыбритания және Германиямен “Eurofighter” келісімінің жақсы қарқынмен жүріп жатқанын растады.

Ол сондай-ақ Катар және Оманмен келіссөздер жалғасып жатқанын, шығыс елдерінен қосымша “Eurofighter” сатып алу мүмкіндіктері ашылып отырғанын айтты.

«Олардың флоттарынан да “Eurofighter” алу мүмкіндігі бар. Егер осы келісімдер жүзеге асса, бұл еліміз үшін оң қадам болмақ», — деді Ердоған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған мен Стармер «Eurofighter Typhoon» ұшақтарына қатысты келісімге қол қойды

Ердоған сондай-ақ отандық қорғаныс өнеркәсібіне баса назар аударып, жергілікті бастамалардың Түркияның стратегиялық қолжетімдігін және технологиялық тәуелсіздігін одан әрі нығайтатынын атап көрсетті.

«Осы қадамдар ұлттық қорғаныс жобаларымызбен бірге Түркияға технологиялық және әуе операциялары саласында мықты мүмкіндіктер қамтамасыз етеді», — деп қорытындылады ол.

Іздеу
Жаңа ғаламшар табылды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Израиль Газада әскери дайындықты күшейтті
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады