Ауғанстанда қар мен нөсер жаңбырдан үш күнде 60-тан астам адам қаза тапты
Билік өкілдері Саланг тас жолының көлік қозғалысы үшін жабылғанын, 360 отбасының зардап шеккенін және жол жүруге қатысты ескертулер жасалғанын хабарлады.
Ауғанстанда соңғы үш күнде жауған қар мен нөсер жаңбыр салдарынан 61 адам қаза тапты. Ауғанстанның Ұлттық апаттарды басқару жөніндегі агенттігі (ANDMA) сенбі күні жасаған мәлімдемесінде адам шығыны сәрсенбі мен жұма аралығында негізінен елдің орталық және солтүстік уәлаяттарында тіркелгенін жариялады.
“ANDMA” жариялаған картаға сәйкес, алғашқы деректер бойынша 110 адам жараланып, 458 үй ішінара немесе толығымен қираған. Агенттік бұл көрсеткіштердің «шығын мен адам шығынын анықтаудың алғашқы нәтижелері» екенін атап өтті.
“ANDMA” өкілі өзінің бейнежолдауында жалпы саны 360 отбасының зардап шеккенін айтып, халықтан аса қажеттілік болмаса, сапарға шықпауды сұрады.
Елдің басты көлік жолдарының бірі болып табылатын Саланг тас жолының жабылғаны туралы Парван уәлаятының билік өкілдері хабарлады.
Екінші жағынан елдің орталық бөлігіндегі Бамиан уәлаятында тау өткелінде қалып қойған жолаушыларға азық-түлік көмегі таратылып жатқаны хабарланды.