ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«TÜRGEV» «Нөлдік қалдық» фестивалінде жастарға тұрақты өмір сүру мәдениетін дәріптейді
Түркия Жастар мен Білім беру қоры («TÜRGEV») 4-7 маусым күндері Стамбулда өтетін «Нөлдік қалдық» фестивалі аясында жастарға экологиялық сана, қайта өңдеу тақырыптарында шеберлік сабақтарын өткізеді.
«TÜRGEV» «Нөлдік қалдық» фестивалінде жастарға тұрақты өмір сүру мәдениетін дәріптейді
«Нөлдік қалдық» жобасы

Түркия Жастар мен Білім беру қоры және Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп ұйымдастыратын «Энергия тиімділігі – болашаққа бағдар» тақырыбындағы фестивальде «TÜRGEV» арнайы көрме алаңын ашып, түрлі шеберлік сабақтарын өткізу арқылы экологиялық мәдениетті насихаттауға үлес қоспақ.

«Жер – баршамыздың ортақ үйіміз» ұстанымымен өтетін фестиваль барысында экологиялық сана, энергия тиімділігі, айналым экономикасы, қайта өңдеу, климаттық сауаттылық және тұрақты өмір салты тақырыптарында түрлі іс-шара ұйымдастырылады. «TÜRGEV» іс-шараға жастардың қоршаған орта мәселелеріне қатысты білімін арттыруға бағытталған тәжірибелік бағдарламалармен қатысады.

Қор алаңына келушілер нөлдік қалдық қағидаттарымен жақынырақ танысып, балалар мен жастарға арналған шеберлік сабақтары арқылы қайта өңдеу, ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық өмір салты жөнінде ақпарат алады.

Түркияның әртүрлі қаласында білім беру, жатақхана, мәдениет, өнер және әлеуметтік даму бағыттарында жұмыс жүргізіп келе жатқан «TÜRGEV» соңғы жылдары жастардың экология мен тұрақты даму мәселелеріне қызығушылығын арттыруға арналған жобаларға ерекше көңіл бөліп келеді.

Қор жастардың қатысуымен жүзеге асырылған орман жобасы аясында ондаған мың көшеттің отырғызылуына қолдау көрсетіп, жатақханалар мен білім беру орталықтарында нөлдік қалдық, қайта өңдеу және суды үнемдеу бағытында түрлі бағдарламаны іске асыруда.

Сонымен қатар «TÜRGEV» Түркия Ұлттық агенттігінің қолдауымен жүзеге асырылатын халықаралық жобалар аясында әртүрлі елдің жастарын экологиялық бастамалар төңірегінде біріктіреді. Қор ауыл шаруашылығы мен экология салаларындағы жобалар арқылы да қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып келеді.

Құрылғанына 30 жыл толған «TÜRGEV»-тің басты мақсаты  ̶  фестиваль аясындағы іс-шаралар арқылы жастардың ресурстарды ұтымды пайдаланатын және тұрақты болашаққа үлес қосатын азамат болып қалыптасуына қолдау көрсету.

Іздеу
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
Президент Ердоған Түрік Қызыл Жарты ай қоғамының құрылған күніне орай құттықтау жариялады
«Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастырамыз»
"Таяу Шығыстағы бейбітшілік – жаһандық қажеттілік"
Президент Ердоған: «Израиль шабуылдары Түркияға да қауіп төндіруде»
Әскери авиацияда Түркияның ықпалы артуы мүмкін
Энергетика және табиғи ресурстар министрі: «Ынтымақтастығымыз жаңа бағыттармен артуда»
Түркия «COP31» конференциясын өткізу туралы келісімге қол қойды
Түркия жасыл экономикаға 200 млн еуро тартты
Түркия мен Канада еркін сауда келісімін талқылайды
Түркияның «T3» қоры Еуропаның беделді сыйлығына ие болды
Түркия қорғаныс өнеркәсібінде жаңа деңгейге көтерілді
Президент Ердоған Венесуэла вице-президентімен кездесті
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Каирде
«Нөлдік қалдық» фестиваліне 1 миллионнан астам адам келді
Хакан Фидан: «Түркия мен Үндістан өзара ынтымақтастық орнатуы керек»
Бангладеш Сыртқы істер министрі: «Түркия – аса маңызды серіктес»