Пәкістан армиясы 13 террористі жойды

Елдің Хайбер-Пахтунхва уәлаятында жүргізілген екі бөлек операция барысында күдікті террористер жойылды.

By
Пәкістан армиясы 13 террористі жойды / AP

Пәкістан армиясы сәрсенбі күні елдің солтүстік-батысында жүргізілген екі операцияда 13 террористің жойылғанын мәлімдеді.

Пәкістан армиясының хабарлауынша, барлау деректеріне негізделген алғашқы операция дүйсенбі күні солтүстік-батыстағы Хайбер-Пахтунхва уәлаятының Ауғанстанмен шекаралас Хайбер аймағында жүргізіліп, нәтижесінде 10 террорист жойылған.

Сол күні Банну ауданында болған қақтығыста тағы үш террорист өлтірілді.

Мәлімдемеде «Пәкістанның қауіпсіздік күштері мен құқық қорғау органдары елге сырттан келіп, шетелден қолдау көрсетілетін терроризм қаупін толық жойғанға дейін операцияны барынша қарқынды түрде жалғастырады», – делінген.

Соңғы жылдары Пәкістанда Ауғанстан аумағынан әрекет ететін «Техрик-и-Талибан Пәкістан» ұйымының лаңкестік шабуылдары көбейген. Ал Кабул бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.