САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Колумбия АҚШ-пен барлау ынтымақтастығын тоқтатты
Колумбия Кариб теңізіндегі шиеленістерге байланысты АҚШ-пен барлау деректерін бөлісуді тоқтату туралы бұйрық берді.
Колумбия АҚШ-пен барлау ынтымақтастығын тоқтатты
Карибтегі күдікті есірткі қайықтарына жасалған Вашингтонның шабуылдарына байланысты АҚШ пен Колумбия арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түсті. / Reuters

Колумбия президенті Густаво Петро бұл қарар Карибтегі АҚШ шабуылдары жалғасқанша күшінде болатынын мәлімдеді. Ол Колумбияның қоғамдық қауіпсіздік күштеріне Вашингтон Кариб теңізіндегі қайықтарға шабуыл жасауды тоқтатқанға дейін америкалық барлау органдарымен ақпарат алмаспауға бұйрық берді.

Петро “X” әлеуметтік желісіндегі жазбасында: «Бұл шара Карибтегі қайықтарға зымыран шабуылдары жалғасқанша орындалады. Есірткіге қарсы күрес Кариб халықтарының адам құқықтарына бағынуы тиіс», - деді. Ол екі ел арасындағы есірткі саудасына қарсы ынтымақтастыққа сілтеме жасады.

Бұл шешімнің алдында “CNN” жариялаған есепте Ұлыбритания АҚШ-тың есірткі контрабандасы күдігі тудырған адамдарға қарсы өлімге әкелген шабуылдарында өз барлау деректері қолданылып жатқан болуы мүмкін деген алаңдаушылықпен барлау ақпаратымен бөлісуді тоқтатқанын хабарлаған еді.

Есепке сәйкес, британдық шенеуніктер қыркүйек айынан бері кемінде 76 адам қаза тапқан бұл шабуылдардың халықаралық құқықты бұзғанына сенімді.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссары Фолькер Тюрк бұл шабуылдарды «қабылдауға болмайды» деп атап, оның кеңсесі «сотсыз жазалау» ретінде сипаттаған бұл оқиғаларға байланысты тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырды.

Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды