ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Түркияның күш-жігерін атап өтті
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сауд Арабиясы сияқты аймақтық державалардың Анкараның бейбітшілікті қолдайтын ұстанымына барған сайын көбірек үйлесіп жатқанын атап өтіп, АҚШ-тың әскери операциясына ашық түрде қарсы екенін мәлімдеді.
Президент Ердоған Түркияның күш-жігерін атап өтті
Президент Ердоған Түркияның күш-жігерін атап өтті / AA
6 Ақпан 2026

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы шиеленісті азайтуға бағытталған дипломатиялық күш-жігердің жалғасып жатқанын, үдерістің белсенді екенін және дипломатияға әлі де мүмкіндік бар екенін айтты.

Ердоған Сауд Арабиясы мен Мысырға жасаған сапарынан кейін бейсенбі күні Түркияға қайтар жолда журналистерге «Америка мен Иран арасындағы шиеленіс аймақты жаңа қақтығысқа алып келмей тұрып бәсеңдеуі үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз», - деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған Түркия-Мысыр Іскерлік форумына қатысты

Түркияның күш-жігеріне тоқталған президент АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлескенін, келесі күні Иран президенті Месуд Пезешкиянмен де байланыс орнатқанын хабарлады. Сондай-ақ Стамбулда Түркияның Сыртқы істер министрі мен Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи қатысқан үшжақты кездесу өткенін атап өтті.

Дипломатияға жол ашу

«Иранға бағытталған әскери операцияға қарсы екенімізді нақты білдірдік және мұны тиісті тараптарға жеткіздік», - деген Ердоған тараптардың дипломатияға мүмкіндік бергісі келетінін көріп отырғанын айтып, мұны оң белгі ретінде бағалады.

Ол: «Мәселелерді шешудің жолы ˗ қақтығыс емес, ымыраға келіп, келіссөз жүргізу. Үдеріс жалғасып жатыр, тоқтаған жоқ», ˗ деді.

Ердоған көшбасшылар деңгейіндегі келіссөздердің де пайдалы болатынын атап өтті. Әскери шиеленіс күшейіп тұрған кезде келіссөз үстелінің қайта құрылуының өзі маңызды екенін жеткізді.

Аймақтық үдерістер

Аймақтық үдерістерге қатысты сұраққа жауап берген Ердоған Сауд Арабиясын қоса алғанда Парсы шығанағы елдерінің соғысты қаламайтынын және дипломатиялық тәсілді көбірек қолдап жатқанын айтты.

«Баршаға мәлім, аймағымызда орнайтын бейбітшілік пен тұрақтылық бәрімізге пайда әкеледі», - деді Ердоған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған: «Иран мен АҚШ келіссөздеріне араағайын болуға дайынбыз»

Бұл мәселеге тек әскери тұрғыдан қарау аймақты апатқа ұрындыратынын айтқан ол: «Өңіріміз қанға, көз жасына, соғысқа тойды. Енді бейбітшілік пен тыныштық туралы сөйлесіп, ынтымақтастықты арттырғымыз келеді», - деді.

Ердоғанның мәлімдемелері Иран мен АҚШ жұма күні Оманда өтетін келіссөздерге дайындалып жатқан кезде жасалды. Вашингтон Иранның ядролық бағдарламасы мен басқа да мәселелер бойынша дипломатиялық ілгерілеу мүмкіндігін бағалағысы келсе де, әскери соққы жасау ықтималдығы да күн тәртібінде.

Өтетін орны, уақыты және форматына қатысты белгісіздіктерден кейін екі тарап сәрсенбі күні келіссөздерді ресми түрде растады. Бұл кездесу АҚШ-тың маусым айында Израильдің Иранға қарсы соғысына қосылып, ядролық және азаматтық нысандарға жасалған шабуылдардан кейінгі екі тарап арасындағы алғашқы келіссөз болмақ.

 

Іздеу
Түркия әуе кеңістігін қорғау үшін “Patriot” жүйесін дайындауда
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі христиан ауылында маронит католик дін қызметкерін өлтірді
36 мыңнан астам америкалық Таяу Шығыстан эвакуацияланды
Ираннан Түркияға бағытталған баллистикалық зымыран атып түсірілді
Президент Ердоған Пезешкианға: «Әуе кеңістігіміздің бұзылуы ақталмайды»
АҚШ 11 дана «MQ-9 Reaper» ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды
АҚШ Сауд Арабиясындағы елшілік қызметкерлеріне елден кетуді бұйырды
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасына алты «F-16» жойғыш ұшағын орналастырды
АҚШ соққы берген кемеде 104 ирандық сарбаз қаза тапты
Израиль Иранмен кемінде бір айға созылатын соғысқа дайындалуда
Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды
Нетаньяху Иранға қарсы соғысты қарқынды түрде  жалғастыратынын мәлімдеді
Ресей бір аптада Украинаға жүздеген шабуыл жасады
Ослодағы АҚШ елшілігінде жарылыс болды
Ирандағы бейбітшілік процесінің кешігуі жаһандық тұрақтылыққа зиян келтіруі мүмкін