СПОРТ
1 ... минут оқылды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Баскетболдан Түркия ерлер құрамасы FIBA 2027 Әлем кубогына іріктеу кезеңінде 6-шы әрі соңғы матчында Швейцарияны қабылдады. Түркия құрамасы Швейцарияны 95-72 есебімен тас-талқан етіп, Әлем кубогы жолында 6 кездесудің алтауында да жеңіске жетті.
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Баскетболдан ерлер ұлттық құрамасы, FIBA 2027 Әлем кубогының Еуропалық іріктеу кезеңі

Топта 5 ойында 5 жеңіске жетіп, көшбасшы ретінде екінші кезеңге жолдаманы ерте қамтамасыз еткен түрік баскетболшылары Синан Эрдем спорт залында өткен кездесуді Шехмус Хазер, Малачи Флинн, Джеди Осман, Алперен Шенгүн және Адем Бонадан құралған алғашқы бестікпен бастады.

Барлық матчында жеңіліс тауып, төртінші әрі соңғы орында тұрған Швейцария құрамасы болса алаңға Шумахер, Фофана, Мартин, Мбала және Рочак секілді алғашқы бестігімен шықты.

Түркия құрамасында жарақаты бар Эрджан Османимен қатар Эмре Мелих Тунджа, Йигит Онан, Тарык Биберович және Йигит Арслан құрамға енген жоқ.

Түрік ұлттық құрамасы Швейцарияны 95-72 есебімен жеңіп, Әлем кубогына барар жолда 6-да 6 жеңіске жетті.

Баскетболдан Түркия ерлер құрамасы Швейцарияны қабылдаған бұл кездесуде стадионда ине шаншар жер болмады.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды