ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Суматра аралын қалпына келтіру шығыны артуда
Қалыпқа келтіруге 3 миллиард доллардан астам қаражат қажет.
Суматра аралын қалпына келтіру шығыны артуда
Суматраны су тасқынынан кейін қалпына келтіру үшін 3 миллиард доллардан астам қаражат қажет. / Reuters

Индонезияның Суматра аралын шарпыған бірнеше жойқын су тасқынынан кейін өңірді қалпына келтіру және жақсарту жұмыстары үшін 51,82 триллион рупий (3,11 миллиард доллар) көлемінде қаржы қажет болатыны хабарланды.

Дүйсенбі күнгі ресми деректерге сәйкес, циклон туғызған су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 950-ге жетті, ал 274 адам әлі із-түссіз жоғалды деп есептелуде. Дауылдар Таиландтың оңтүстігі мен Малайзияда да шамамен 200 адамның өліміне себеп болды.

Индонезияның апаттың алдын алу агенттігінің басшысы Сухарянтоның айтуынша, агенттік залалдың нақты мөлшерін анықтау жұмыстары жалғасып жатқандықтан Ачех, Солтүстік Суматра және Батыс Суматра сияқты үш аймақта қалпына келтіру қорына қажетті сома бұдан да жоғары болуы ықтимал.

ҚатыстыTRT Қазақ - Азияда су тасқыны: қаза тапқандардың саны 1200-ге жақындады

Осы үш аймақтың ішінде ең көп қаржыны қажет ететін аймақтың Ачех екенін айтқан Сухарянто бұл өңірге қажет қалпына келтіру қорының мөлшері 25,41 триллион рупий болуға тиіс екенін хабарлады.

Сонымен қатар Солтүстік Суматра мен Батыс Суматраның қалпына келтіру жұмыстарына тиісінше 12,88 триллион және 13,52 триллион рупий қажет екенін атап өтті.

Ол кейбір аймақтар басқа өңірлерге қарағанда жылдам қалпына келіп жатқанын, сондықтан Солтүстік және Батыс Суматрадағы кейбір өңірлерде қайта құру жұмыстарының жақын уақытта басталатынын қосты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Суматрадағы су тасқынынан 442 адам қаза тапты
Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады