ЭКОНОМИКА
1 ... минут оқылды
Түркия 4 айда 195 миллион доллар көлемінде лимон экспорттады
Түркия 2026 жылдың қаңтар–сәуір айлары аралығында 195 миллион көлемінде лимон экспорттап,  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткішті 18 пайыз арттырды.
Түркия 4 айда 195 миллион доллар көлемінде лимон экспорттады
Түркия 4 айда 195 миллион доллар көлемінде лимон экспорттады

Эгей экспорттаушылар одағы таратқан мәліметке сәйкес, Түркия лимон экспорттаушы елдер арасында әлемде бесінші орында тұр.

Эгей жеміс-көкөніс экспорттаушылары қауымдастығының төрағасы Дженгиз Балык экспорт көлемі тоннамен есептегенде азайғанын, алайда табыстың артуы экспорттық бағасының көтерілуімен байланысты екенін айтты.

Оның сөзінше, 2025 жылғы 3 миллиард 703 миллион долларлық жеміс-көкөніс экспортының 11 пайызы лимоннан түскен. Сондай-ақ өндірілген жеміс пен көкөністің орта есеппен 7 пайызы экспортталса, лимон бойынша бұл көрсеткіш 33 пайызға жеткен.

Мақсат – 500 миллион доллардан астам экспортқа қол жеткізу

Дженгиз Балык қаңтар–сәуір айларындағы көрсеткіштерге тоқталып, «Лимон экспортынан түскен табысымыз 18 пайыз артып, 165 миллион доллардан 195 миллион долларға жетті. 2026 жылдың соңында лимон экспортын 500 миллион доллардан асыруды мақсат етіп отырмыз», – деді.

Ол Түркияның лимон экспорты 2002 жылы 230 мың тонна деңгейінде болса, 2024 жылы 577 мың тоннаға жеткенін айтты. Сондай-ақ 2026 жылғы өнім көлеміне қатысты нақты болжам жасауға әлі ерте екенін, алайда 2025 жылмен салыстырғанда мол өнім күтілетініне жеткізді.

Жылдың алғашқы төрт айында түрік лимонына ең көп сұраныс білдірген елдер қатарында Ирак (64,5 миллион доллар), Ресей (50 миллион доллар), Румыния (14,5 миллион доллар) бар.

Іздеу
Францияда 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды
АҚШ Иранның Чабахар портындағы бақылау мұнарасына соққы берді
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді
АҚШ Грекияға әскери техника сатуды мақұлдады
Тоқаев: «Қазақстан Қытайды Еуропамен байланыстыратын негізгі логистикалық орталыққа айналуы керек»
Кремль: «Украина мәселесіне қатысты келіссөздерді Түркияның араағайындығымен бастауға дайынбыз»
15 шілдеден кейінгі энергетикалық саясат
Украина Сыртқы істер министрі: «Атысты тоқтатуға дайынбыз»
Израиль шабуылдарынан төрт палестиналық қаза тапты
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына байланысты ескерту жасады
Израильге әскери көмекті тоқтату туралы заң жобасы қабылданбады
Волейболдан Түркияның ерлер құрамасы Ұлттар лигасында алтыншы рет жеңіске жетті
«Біз Еуропалық одақтың толыққанды мүшесі болуға лайықпыз»
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды