ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
Жасанды интеллект чат-боттары жарнама алаңына айналуда
Чат-боттарға жарнамалар мен демеушілік контенттің қосылуы жасанды интеллект пайдаланушылары үшін құпиялылыққа қатысты алаңдаушылық тудырды.
Жасанды интеллект чат-боттары жарнама алаңына айналуда
"OpenAI"-дан бөлек "Microsoft" 2023 жылдан бері өзінің "Copilot" ЖИ көмекшісінде контекстік жарнама қолдануда. / AA
16 Ақпан 2026

“OpenAI” жүздеген миллиард долларлық шығын міндеттемелерін жаңа табыс көздерімен теңестіруді бастау мақсатында тегін және төмен ақылы пайдаланушыларға чат-боттарда жарнама көрсете бастады.

Бәсекелес “Anthropic” бұл жаңалықты тез арада келеке етті.

“OpenAI”-ден бөлек “Microsoft” 2023 жылдан бері “Copilot” жасанды интеллект ассистентінде контекстке негізделген жарнамалар мен демеушілік контенттер жариялап келеді.

Жасанды интеллект іздеу жүйесі “Perplexity” 2024 жылдан бері АҚШ-та жарнамаларды сынақтан өткізіп жатса, “Google” да өткен жылдан бері AI «қысқаша мазмұндамаларында» жарнамаларды сынақ ретінде қолдануда.

ҚатыстыTRT Қазақ - Батыл жаңа әлем: жасанды интеллект арқылы басқару

Жеке дерек құпиялылығы

“Google” “Gemini” чат-ботында жарнама жариялағысы келеді деген айыптарды бірнеше рет жоққа шығарды. “DeepMind” жасанды интеллект бөлімінің басшысы Демис Хассабис жарнамалардың «өте мұқият қарастырылуы керектігін» айтып, ЖИ-дегі «ең маңызды нәрсе» “қауіпсіздік пен құпиялылыққа деген сенім” екенін білдірді.

“OpenAI” ChatGPT жауаптарының жарнамалардан әсер алмайтынын айтып, пайдаланушыларды сендіруге тырысты. Сондай-ақ компания пайдаланушы деректерін жарнама берушілерге сатпайтыны туралы міндеттеме берді.

ҚатыстыTRT Қазақ - 2025 жылы көп нәрсені өзгерткен жасанды интеллект

«Егер маркаңыз (чат-боттар тарапынан) сілтеме ретінде көрсетілмесе, ол енді жоқ деген сөз»

GEO (Generative Engine Optimisation) деп аталатын бұл үдеріс— “Google”-дың интернеттегі үстемдігі кезеңінде қолданылған Іздеу жүйесін оңтайландыру (SEO) стратегиясының дамыған түрі.

Франциялық GEO стартапы “GetMint”-тің басшысы Джоан Буркович: «Біз сіз жасаған контенттің ЖИ тарапынан құнды деп танылуын және тиісті жерлерге таралуын қамтамасыз ете алатын 90 ережені анықтадық», — дей отырып, компанияның қазірдің өзінде “Lacoste” сияқты сән брендтерін қоса алғанда 100 клиенті бар екенін алға тартты.

“Micropole” атты ЖИ консалтингтік компаниясынан Жером Мальзак ғылыми мақалаларға сілтеме қосу, веб-сайтыңызға «жиі қойылатын сұрақтар» бөлімін қосу және жүйелі түрде жаңартылып отыратын ақпараттарды жариялау сияқты техникаларға тоқталып, «Егер маркаңыз (чат-боттар тарапынан) сілтеме ретінде көрсетілмесе, кейбір пайдаланушылар үшін сіздің бренд енді жоқ », - деп ескертті.

Іздеу
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды
"Пәкістанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөзіндегі рөлі "маңызды" кезеңге жақындап келеді"
Франция Иранның инфрақұрылымына жасалатын шабуылдар туралы АҚШ-қа ескерту жасады
«Израиль Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған барлық әрекеттерге кедергі келтіруде»
АҚШ сенаторлары: “Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққылары соғыс қылмысына тең”
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды