САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ, Катар және Израиль Нью-Йоркте құпия кездесу өткізді
Кездесудің басты тақырыбы Газада бейбітшілік келісімін іске асыру болғаны айтылды.
АҚШ, Катар және Израиль Нью-Йоркте құпия кездесу өткізді
АҚШ, Катар және Израиль Нью-Йоркте құпия кездесу өткізді / Reuters

Кейбір дереккөздердің америкалық «Axios» агенттігіне хабарлауынша, Израиль ұшақтарының Дохада Хамас басшылығын нысанаға алып, сәтсіз аяқталған әуе соққысынан бірнеше ай өткен соң, жексенбі күні АҚШ, Израиль және Катар Нью-Йоркте үшжақты кездесу өткізген.

Екі дереккөз «Axios»-қа бұл кездесуді «Катар араағайын болған Газада атысты тоқтату жөніндегі келісімнен кейін үш ел арасында өткен ең жоғары деңгейдегі кездесу» деп сипаттаған.

Ақ Үй бұл кездесуді ресми түрде растамады.

«Axios»-тың хабарлауынша, кездесуге Ақ Үйдің арнайы өкілі Стив Уиткофф жетекшілік еткен, Израиль атынан Моссад барлау қызметінің басшысы Давид Барнеа қатысқан, ал Катардан аты-жөні жарияланбаған жоғары лауазымды шенеунік өкілдік еткен.

Катар Мысыр және АҚШ-пен бірге Израиль мен Хамас арасындағы атысты тоқтату келісіміне араағайындық жасап келеді. Алайда бұл келісім Израиль мен Хамастың бірін-бірі шарттарды бұзды деп айыптауына байланысты әлі де тұрақсыз күйде тұр.

Атысты тоқтату

Сенбі күні Катар мен Мысыр Газадағы атысты тоқтату жөнінде жасалған келісімнің толық орындалуы үшін Израиль әскерлерінің шегінуін және халықаралық тұрақтандыру күштерінің орналастырылуын талап етті.

Дохада өткен дипломатиялық конференцияда Катар премьер-министрі шейх Мұхаммед бин Абдуррахман әл-Тани: «Атысты тоқтату Израиль күштері толықтай шықпай және Газада тұрақтылық қамтамасыз етілмей жүзеге аспайды»,- деді.

«Axios»-тың хабарлауынша, жексенбі күнгі кездесудің негізгі тақырыбы негізінен Газада бейбітшілік келісімін іске асыру болған.

9 қыркүйекте Дохаға жасалған Израиль шабуылы жоғары деңгейлі Хамас келіссөз жетекшісі Халил әл-Хайраны және палестиналық тойтарыс тобының өзге де мүшелерін нысанаға алғанына қарамастан сәтсіз аяқталған. Шабуыл нәтижесінде алты адам қаза тапты. АҚШ президенті Дональд Трамп  та бұл шыбуылды сынға алды.

«Axios»-тың мәліметінше, кейіннен Беньямин Нетаньяху Трамптың қысымымен әл-Таниге Ақ Үйден қоңырау шалып, бұл шабуыл үшін кешірім сұраған.

Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы