ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Белсенділер Израиль қоршауындағы отбасыларға қажетті заттарды жеткізіп үлгерді
Белсенділер израильдіктердің қоршауында қалған үш палестиналық отбасының үйіне негізгі қажетті заттарды жеткізді.
Белсенділер Израиль қоршауындағы отбасыларға қажетті заттарды жеткізіп үлгерді
Белсенділер Израиль қоршауындағы отбасыларға қажетті заттарды жеткізіп үлгерді.

Палестиналық, израильдік және шетелдік белсенділерден құралған топ Наблус қаласының оңтүстігінде орналасқан Кусра елді мекенінің Рас әл-Айн ауданында бірнеше күннен бері Палестина жерін басып алған израильдіктердің қоршауында қалған үш палестиналық отбасының үйіне негізгі қажетті заттарды жеткізді.

Палестиналық отбасылармен ынтымақтастық білдіру мақсатында аймақта акция өткізген топ кейін қоршаудағы үйлерге барып, отбасылардың жағдайын біліп, оларға негізгі қажетті заттарды жеткізбек болды.

Израиль сарбаздары бұл аумақты «әскери аймақ» деп атап, белсенділердің үйлерге баруына рұқсат бермеді. Алайда белсенділер палестиналық отбасыларға азық-түлік, су және басқа да негізгі қажетті заттарды жеткізе алды.

Палестина жерін басып алған израильдіктер 9 тамыз, жексенбі күнінен бері үш палестиналық отбасының үйіне апаратын жолдарды жауып, олардың үйлеріне кіріп-шығуына кедергі келтіріп, қоршауды жалғастырып келеді. Палестиналықтар бұл отбасыларды үйлерінен кетуге мәжбүрлеп, баспаналарын тартып алуы мүмкін деп алаңдайды.

Кусра ауылдық кеңесінің төрағасы Абдулазим әл-Вади “Анадолы” агенттігі тілшісіне берген мәлімдемесінде Израиль күштері палестиналықтарға тиесілі 16 үйді басып алып, оларды әскери штабқа айналдырғанын, ал кейбір тұрғындарды үйлерін босатуға мәжбүрлегенін айтты.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады