САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп бюджет заңына қол қойды
Заң 30 қаңтарға дейін үкіметті қаржыландыруды қамтамасыз етеді. 43 күнге созылған үкіметтің жабылуынан кейін азық-түлік көмегі мен жалақы төлеу қайта басталады.
Трамп бюджет заңына қол қойды
Трамп бюджет заңына қол қойды / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп үкіметті қаңтар айының соңына дейін қаржыландыратын келісімге қол қойып, үкіметті қайта ашты.

Сәрсенбі күні Ақ Үйде шығындар туралы заңға қол қойған Трамп: «Қарсылас партиядағы радикал топтар үкіметті ұзақ уақытқа жабуға  табанды түрде тырысты және мұны толықтай саяси себептерге байланысты жасады. Бұл ел басқарудың жолы емес. Үкімет ешқашан жабылмауы керек деген пікірмен бәріміз келісеміз деп үміттенемін», - деді.

Трамп заңға қол қоймас бұрын АҚШ Өкілдер палатасы да ел тарихындағы ең ұзақ үкімет тоқтауын аяқтау үшін қаржыландыру туралы заң жобасын қабылдады.

Сәрсенбі күнгі дауыс беру Сенаттың дәл осы уақытша бюджет жобасын мақұлдауынан кейін өтті және 43 күннен кейін федералдық үкіметтің қайта ашылуына жол ашты. Бұл жағдай көптеген мемлекеттік мекеменің жұмысын тоқтатып, негізгі қызметтердің бұзылуына себеп болды.

Жоба енгізген жеңілдік

Жоба федералдық үкіметті 30 қаңтарға дейін қаржыландырып, тоқтап қалған бағдарламалардың қайта іске қосылуына, әсіресе маңызды азық-түлік көмектерінің жалғасуына мүмкіндік береді және жүз мыңдаған федералдық қызметкерге жалақыларын алуға жол ашады.

Үкіметтің тоқтауы аз қамтылған америкалықтарға арналған азық-түлік көмегін тоқтатты. Негізгі мемлекеттік мекемелердің жұмысына кедергі келтірді және жалақысыз қалған әуе қатынасы диспетчерлерінің жұмысқа шықпауына байланысты әуежайларда елеулі кешігулерге әкелді.

Үкіметтің қайта ашылуы демократтардың Нью-Джерси, Вирджиния және Нью-Йорктегі жергілікті сайлауда жеңіске жеткеннен бірнеше күн өткен соң болды. Бұл сайлау ұзаққа созылған бюджет дағдарысына қатысты сайлаушылардың наразылығын көрсеткені айтылды.

43 күнге созылған бюджет дағдарысы шамамен бір миллион мемлекеттік қызметкерді жалақысыз қалдырып, азық-түлік көмегіне кедергі келтірді және ел бойынша жаппай ұшақ кешігулері мен рейстердің тоқтауына себеп болды.

Іздеу
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді