ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 минут оқылды
АҚШ Газаға әскер жіберу жоспарын жоққа шығарды
Пентагонның жоғары лауазымды өкілі АҚШ әскерінің Газаға кірмейтінін атап өтіп, одақтастармен халықаралық тұрақтандыру күшін орналастыру туралы келіссөздің жалғасып жатқанын мәлімдеді.
АҚШ Газаға әскер жіберу жоспарын жоққа шығарды
АҚШ Газаға әскер жіберу жоспарын жоққа шығарды / Reuters
12 Қараша 2025

АҚШ Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілі АҚШ-тың Газаға әскер жібермейтінін растады және Вашингтонның аймақ маңында 500 миллион долларлық әскери база салуды жоспарлап отырғаны жөніндегі Израиль медиасында тараған хабарларды жоққа шығарды.

Атын атағысы келмеген ресми тұлға Анадолы агенттігіне: «Израиль баспасөзінде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды», – деді.

Пентагон өкілі: «АҚШ әскери қызметкерлері қазір халықаралық серіктестермен бірге болашақта Халықаралық тұрақтандыру күшінің құрамына енетін халықаралық бөлімшелерді орналастыруға арналған ықтимал база нұсқаларын әзірлеп жатыр. Халықаралық тұрақтандыру күшінің құрылуы АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа бейбіт жоспарын қолдайтын болады. Ашығын айту керек АҚШ әскері Газаға орналастырылмайды. Израиль медиасында тараған барлық ақпарат жалған», – деді.

Израильдің «Ynet» және «Shomrim» басылымдары бұған дейін АҚШ Газа шекарасына жақын маңда бірнеше мың әскерді орналастыра алатын ірі әскери база салуға дайындалып жатқанын хабарлаған еді.
«Yedioth Ahronoth» газеті де аты-жөні аталмаған израильдік дереккөздерге сілтеме жасап, бұл нысан АҚШ-тың өңірдегі қызметінің айтарлықтай артқанын көрсететінін және Израиль жеріндегі алғашқы ауқымды америкалық әскери база болатынын жазды.

Газет сонымен қатар Газада екі жылға созылған қырғын кезінде Вашингтонның «THAAD» зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орнатқанын және оның 12 күндік қақтығыс барысында Иран зымырандары мен ұшқышсыз аппараттарын атып түсіру үшін пайдаланылғанын хабарлады.

Бір израильдік ресми өкіл басылымға: «Израиль аумағында америкалық базаның құрылуы Вашингтонның Газа мен Израиль–Палестина қақтығысына араласуға қаншалықты ниетті екенін көрсетеді», - деді.

Қазіргі уақытта АҚШ-тың шамамен 200 әскери қызметкері Израильдің оңтүстігіндегі Кирьят-Гат қаласында орналасқан Азаматтық–Әскери үйлестіру орталығында бітімнің орындалуын бақылап отыр. Израильдік шенеуніктердің айтуынша, бұл орталық Газадағы гуманитарлық көмекті толық бақылауға алып, Израильдің Азаматтық істер басқармасы мен Палестинадағы үкімет қызметін үйлестіру жүйесінің орнына жұмыс істейтін болады.

10 қазан күні күшіне енген Газа бітімі АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған 20 тармақтан тұратын жоспарға негізделген. Ерікті елдерден құралған Халықаралық тұрақтандыру күші Израиль әскерінің аймақтан шығу барысында Газаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Келісімнің алғашқы кезеңі  тұтқын алмасуды, Газаны қалпына келтіруді және ХАМАС-сыз  жаңа басқару құрылымын құруды қамтиды.

Іздеу
Түркия Конго мен Руанда арасындағы бейбітшілік келісімін құптайды
Сыртқы істер министрі Фидан Доха форумына қатысады
«IndiGo» 500 рейсті тоқтатты
Вьетнамдағы су тасқынынан кейін ондаған көшкін болды
Израиль 2026 жылғы қорғаныс бюджетін 34 миллиард долларға дейін көтерді
Түркия халықаралық қауымдастықты әрекет етуге шақырды
Түркияның қорғаныс және авиация өнеркәсібінің экспорты 11 айда рекорд жаңартты
Әзербайжан Ұлыбританиямен қорғаныс байланысында жаңа парақ ашты
Нетаньяху өзінің әскери хатшысы Роман Гоффманды Моссад директоры етіп тағайындады
Анкарада “Халықаралық Көне Түркі Тілі Симпозиумы” басталды
Израиль Хамас қайтарған мәйіттің тайландтық тұтқынға тиесілі екенін мәлімдеді
Франция мен Қытай стратегиялық серіктестікті нығайтпақ
Германия ЕО-ны Ресей активтерін Украина үшін пайдалануға шақырды
Грек фермерлері Түркия-Грекия шекара өткелін жапты
“Ресей–Украина бейбіт келісімі Еуропаның болашағын да айқындайды”