САЯСАТ
2 ... минут оқылды
БҰҰ: Соғыстың алғашқы екі күнінде Тегераннан 100 мың адам кетіп қалды
Қақтығыс ауқымы кеңейіп бара жатқанына қарамастан, БҰҰ соңғы оқиғаларға байланысты елден қоныс аударушылар саны артпағанын білдірді.
БҰҰ: Соғыстың алғашқы екі күнінде Тегераннан 100 мың адам кетіп қалды
БҰҰ: Соғыстың алғашқы екі күнінде Тегераннан 100 мың адам кетіп қалды / Reuters
5 Наурыз 2026

Біріккен Ұлттар Ұйымы 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарының алғашқы екі күнінде шамамен 100 000 адамның Тегераннан кеткенін мәлімдеді.

БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарлығы (UNHCR) сәрсенбі күні жариялаған есебінде: «Иранда шабуылдардан кейінгі алғашқы екі күнде шамамен 100 000 адам Тегераннан кетті», — делінген. Сондай-ақ есепте «Соңғы мәліметтер болған оқиғаларға байланысты шекарадан асатын қозғалыстың артқанын көрсетпейді. Ауғанстанмен шекарадағы «Ислам Кала» бақылау-өткізу бекетіндегі жағдай тұрақты және айтарлықтай өзгерістер байқалмады», — деп көрсетілген.

Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің өліміне әкеп соққан АҚШ пен Израильдің жойқын шабуылынан тұтанған соғыста Тегеран билігі Израильден бастап Шығанаққа дейінгі аралықта зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар арқылы қарымта соққы берді.

28 ақпанда басталған бұл әуе соққылары Конгрестің мақұлдауынсыз жүзеге асырылды. АҚШ Сенаты сәрсенбі күні бұл шабуылдарды тоқтатуы мүмкін заң жобасына дауыс береді деп күтілуде.

Аймақтық тозақ

Қақтығыстар Ливан, Сирия, Ирак, Израиль және Парсы шығанағына жайылд, қаза тапқандар арасында АҚШ-тың алты әскери қызметкері мен жүздеген бейбіт тұрғын бар екені хабарлануда.

Сыншылар Трамп әкімшілігінің шабуылға қатысты қайшылықты мәлімдемелер жасап отырғанын айтады: кейде бұл Иранның әскери және ядролық әлеуетін әлсіретуге бағытталған «алдын алу шарасы» деп аталса, кейде Израиль өз шабуылын бастағаннан кейін Американың мүдделерін қорғау үшін қажет болғаны алға тартылуда.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио басқаша уәж айтты: оның сөзінше, Ақ Үй жақын одақтасы Израильдің әрекет етуге деген нық сеніміне байланысты Иранға соққы беруге мәжбүр болған. Рубио Капитолийде журналистерге: «Егер Иранға біреу АҚШ немесе Израиль шабуыл жасаса, оның қарымта қайтаратыны және ол жауаптың АҚШ-қа бағытталатыны айдан анық еді», — деді.

Конституциялық құқықтар орталығының аға заңгері Уэллс Диксон Трамптың уәждерін зерттей келе, олар тек әскери мақсаттарды ғана көрсететінін атап өтті. Диксон: «Бұлар — әскери саясаттың мақсаттары, бұл басқа елге қарсы қарулы шабуыл бастау үшін заңды негіз бола алмайды», — деген баға берді.

Сенатор Тим Кейн өткендегі Иран шабуылдары кезінде АҚШ-тың Израильді қорғау әрекеттерін қолдағанын, бірақ «бұл АҚШ-тың тікелей соғыс бастауынан мүлдем бөлек мәселе» екенін қадап айтты.

Іздеу
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды
"Пәкістанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөзіндегі рөлі "маңызды" кезеңге жақындап келеді"
Франция Иранның инфрақұрылымына жасалатын шабуылдар туралы АҚШ-қа ескерту жасады
«Израиль Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған барлық әрекеттерге кедергі келтіруде»
АҚШ сенаторлары: “Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққылары соғыс қылмысына тең”
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды