Желтоқсанның 15-і "Түркі тілдері отбасының халықаралық күні" деп жарияланды
ЮНЕСКО Түркия Республикасы президенті Ердоғанның ұсынысын қабылдады.
Желтоқсанның 15-і  "Түркі тілдері отбасының халықаралық күні" деп жарияланды
Желтоқсанның 15-і "Түркі тілдері отбасының халықаралық күні" деп жарияланды / Anadolu Agency

ЮНЕСКО 15 желтоқсанды Түркі тілдері отбасының халықаралық күні ретінде белгіледі. Бұл күн түркі тілдес мемлекеттердің ортақ тілі, мәдениеті мен құжаттық мұрасын насихаттауға арналған.

Өзбекстанның тарихи Самарқанд қаласында 30 қазанда басталған ЮНЕСКО-ның 43-ші Бас конференциясында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұсынысы бойынша 15 желтоқсанды Түркі тілдері отбасының халықаралық күні ретінде белгілеу туралы қарар жобасы талқыланып, мақұлданды. Бұл конференцияға 194 елден 5000-нан астам қатысушы жиналды және ол 13 қарашаға дейін жалғасады.

«Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты түркі мемлекеттері ЮНЕСКО аясында бірлесіп, біздің тілдер отбасын құрметтеу, атап өту және насихаттау үшін бірікті. Сондай-ақ бұл бастаманы қолдаған 26 мүше мемлекетке, соның ішінде бауырлас Түрікменстанға шын жүректен алғысымызды білдіреміз», – деді Түркияның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Гүлнұр Айбет.

Айбет тілдердің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар өркениеттердің жаны екенін, ұрпақтан-ұрпаққа ұжымдық жады, даналық пен бірегейлікті жеткізетінін атап өтті.

Оның айтуынша, түркі тілдерін 200 миллионнан астам адам қолданады, бұл кең географияда ортақ тарих пен құндылықтар арқылы өрілген бай мәдени мұраны білдіреді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркі мемлекеттері ортақ әліпби арқылы бірлікке ұмтылуда

«Маңыздысы 15 желтоқсан – түркі тіліндегі ең көне жазба құжаттардың бірі болып саналатын Орхон жазбаларының құпиясы ашылған күн. Бұл күн түркі өркениеттерінің ортақ мәдени және көркем байлықтарын бейнелеп, халықтар арасындағы мәдени жақындасу мен диалогты нығайтады», – деді ол.

Айбет «Түркі тілдері отбасының халықаралық күнін мойындау арқылы ЮНЕСКО көптілділікке, мәдени әртүрлілікке және халықтар арасындағы диалогқа деген тұрақты міндеттемесін тағы бір рет растады», – деді.

Анкара бұл шешімді құптайды

Түркия ЮНЕСКО-ның бұл шешімін құптады.

«Бұл қарар Түркия мен бауырлас түркі мемлекеттері дайындаған және түркі әлемінің ортақ мұрасы –үркі тілін сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған бірлескен күш-жігерді одан әрі нығайтады», – делінген Түркия Сыртқы істер министрлігінің дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде.

«Баршаға белгілі, 1893 жылдың 15 желтоқсанында әйгілі түрколог Вильгельм Томсен 1889 жылы табылған және түркі тілінің ең көне жазба деректері ретінде танылған Орхон жазбаларының түркі тілінде жазылғанын халықаралық ғылыми қауымдастыққа жариялады», – деп қосты министрлік.

«Түркі әлеміне және түркі тілдерінде сөйлейтін достарымызға түркі тілдерінің халықаралық күні құтты болсын», – деді министрлік.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр