Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында 5 пәкістандық сарбаз қаза тапты, 25 террорист өлтірілді

Пәкістан армиясы жұма және сенбі күндері елдің солтүстік-батыс уәлаяттарында террористердің ірі топтарымен қақтығыс болғанын мәлімдеді.

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында 5 пәкістандық сарбаз қаза тапты, 25 террорист өлтірілді / Reuters

Пәкістан қарулы күштері елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва уәлаятында “Ауғанстан шекарасына жақын орналасқан аймақта қақтығыстар кезінде бес пәкістандық сарбаз және 25 лаңкес қаза тапты”, деп мәлімдеді.

Мәлімдемеде жұма және сенбі күндері Пәкістан-Ауғанстан шекарасына жақын орналасқан Солтүстік Вазиристан және Куррам аудандарында лаңкестердің екі ірі тобы анықталып, қауіпсіздік күштерімен қақтығысқа түскені айтылды.

Мәлімдемеге сәйкес, Солтүстік Вазиристан ауданында 15 лаңкес, оның ішінде төрт жанкешті өлтірілген, ал Куррам ауданында шекарадан өтуге әрекет жасаған 10 лаңкес жойылған.

Қақтығыстар барысында бес пәкістандық сарбаз қаза тапты.

Мәлімдемеде қаза тапқан лаңкестерден көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш зат тәркіленгені де хабарланды.