ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Бейбітшілік пен диалог орнату үшін жұмыс істеп жатырмыз»
Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Түрікменстанда өткен саммитте жаһандық дипломатиялық күш-жігерді күшейтуге уәде беріп, инклюзивті шешімдер мен аймақтағы әлсіз бітімдерге тұрақты қолдаудың қажеттігін атап өтті.
Президент Ердоған: «Бейбітшілік пен диалог орнату үшін жұмыс істеп жатырмыз»
Түркия президенті Ердоған Ашхабадта / AA

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған жұма күні Түрікменстанда өткен халықаралық форумда Түркияның бейбітшілік пен диалогты ілгерілетуге берік екенін мәлімдеді.

Ашхабадта өткен Халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздік форумында Ердоған Түркияның тарихы мен өркениеті жүктеген жауапкершілікпен бейбітшілік пен диалог орнату үшін бар күш-жігерімен жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Ердоған сондай-ақ Түркияның Ресей-Украина қақтығысына қатысты бастамаларды қоса алғанда бітімге қол жеткізу және тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған дипломатиялық күш-жігерге қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Президент Таяу Шығыс аймағына да тоқталып, бейбітшілікті орнықтыруға бағытталған барлық кезеңдерге палестиналықтардың қатысуы мен үлес қосуы қажет екенін баса айтты.

Президент Ердоған қазан айында Газада Израиль мен ХАМАС арасында қол жеткізілген бітімнің әлі де толық орындалмағанын еске салып, халықаралық қолдауды жалғастыруға шақырды.

Түрікменстанның тұрақты бейтараптығы

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Ашхабадта Түрікменстанның Бейтараптық монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Ердоған бұл рәсімге Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин және Иран Ислам Республикасының президенті Месуд Пезешкиянмен қатар  бірнеше үкімет басшыларымен бірге қатысты. Ердоған ресми қарсы алу рәсімінен кейін ортақ фотоға түсті.

Көшбасшылар түстен кейін іс-шараның ашылу отырысына қатысады.

Ашхабадта өтіп жатқан форум Түрікменстанның тұрақты бейтараптық мәртебесінің 30 жылдығын және БҰҰ Бас Ассамблеясының 2025 жылды «Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылы» деп жариялауын атап өту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

 

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады