ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ердоған мен Мелони Таяу Шығыс дағдарысы өршіген тұста аймақтық шиеленісті талқылады
Президент Режеп Тайып Ердоған халықаралық қауымдастықты дипломатияны нығайту үшін бірлесе әрекет етуге шақырды.
Ердоған мен Мелони Таяу Шығыс дағдарысы өршіген тұста аймақтық шиеленісті талқылады
Ердоған мен Мелони Таяу Шығыс дағдарысы өршіген тұста аймақтық шиеленісті талқылады / Reuters
7 Наурыз 2026

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Италия премьер-министрі Джорджия Мелони аймақтағы қақтығыстар аясында екіжақты қарым-қатынастарды, сондай-ақ аймақтық және жаһандық өзгерістерді талқылау үшін телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Түркия Президенті жанындағы Коммуникация басқармасы хабарлады.

Ирандағы оқиғаларды және олардың аймаққа әсерін Анкараның «жіті» қадағалап отырғанын білдірген Ердоған Мелониге тараптарды тұрақсыздықты арттыратын қадамдардан аулақ болуға шақырғандарын айтты.

Түркияның дипломатияны нығайтуды жақтайтын ұстанымына назар аударған Ердоған халықаралық қауымдастықты осы мақсатта бірлесе жұмыс істеуге шақырып, қақтығыстар жаһандық қауіпсіздікке де қатер төндіруі мүмкін екенін ескертті.

Түрік лидер сонымен қатар аймақтағы және әлемдегі қақтығыстар одақтас елдер арасындағы қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастықтың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті. Ердоған Анкараның Риммен, әсіресе сауда саласында және барлық басқа бағытта ынтымақтастықты дамытуға күш салып жатқанын баса айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - «Түркия мәселелерді «бейбітшілікке негізделген дипломатиямен» шешуге тырысуда»

Әңгіме барысында Мелони «негізсіз зымыран шабуылына қарсы» ынтымақтастық пен қолдау білдірді. Ол НАТО бойынша одақтас Түркияға бағытталған соққыны «негізсіз зымыран шабуылы» деп атады. Айта кетейік, апта басында Ираннан түрік әуе кеңістігіне қарай атылған баллистикалық зымыранның көзі жойылған болатын.

«Жіті қадағалап отырмыз»

Екінші жағынан Мелони жұма күні жасаған мәлімдемесінде Италияның Таяу Шығыстағы өршіп тұрған дағдарысты «жіті қадағалап» отырғанын және өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін одақтастармен бірлесе жұмыс істей отырып, дипломатиялық күш-жігерді қолдайтынын айтты.

Мелони “X” платформасындағы парақшасында Италия үкіметі жағдайды бағалау кезінде аймақтағы серіктестермен және одақтастармен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді. Италия азаматтарын қорғау үкіметтің басты басымдығы екенін баса айтқан Мелони сонымен бірге шиеленісті азайтуға бағытталған бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

Италия премьер-министрі сонымен қатар ресми органдардың дағдарыстың қауіпсіздіктен бастап экономикалық әсеріне дейінгі салдарларын бақылап отырғанын және бұл салалардағы барлық жеңілдету шараларының қарастырылып жатқанын атап өтті. Мелони Парламентпен жасалған келісімге сәйкес, алдағы күндері парламентке барып, депутаттарға толық ақпарат беретінін де қоса кетті.

Іздеу
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды
"Пәкістанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөзіндегі рөлі "маңызды" кезеңге жақындап келеді"
Франция Иранның инфрақұрылымына жасалатын шабуылдар туралы АҚШ-қа ескерту жасады
«Израиль Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған барлық әрекеттерге кедергі келтіруде»
АҚШ сенаторлары: “Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққылары соғыс қылмысына тең”
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды