ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды
“Meta” компания көлемінде 10 пайыздық қысқарту толқынын бастағаннан кейін, бас директор Марк Цукерберг қызметкерлерге жолдаған жазбасында компанияның қайта құрылымдау үдерісіне баға берді.
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды

Цукерберг қысқартуға ұшыраған қызметкерлерге алғыс айтып, жасанды интеллекттің маңыздылығына тоқталды. Қызметкерлерге 2026 жылы қосымша қысқарту толқыны болмайтынына кепілдік берген Цукерберг болашаққа қатысты көзқарасын да жеткізді. Компания қысқартулармен қатар 7 мың қызметкерін жасанды интеллект бөлімдеріне бағыттап жатыр.

Цукерберг: «Алайда табысқа кепілдік жоқ», – деп ескертіп, жасанды интеллекттің қазіргі кезеңдегі ең маңызды технология екенін және осы салада көшбасшы болған компаниялар болашақ ұрпақты қалыптастыратынын айтты.

Қайта құрылымдау сәуір айында жарияланған болатын

Өткен айда алдағы қысқартуларға қатысты тараған мәліметтер “Meta” басшылығының 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша табыс есебі алдында шамамен 10 пайыздық қысқартуға дайындалып жатқанын жариялауына себеп болды.

Компанияның сәуір айындағы ішкі жазбасында егжей-тегжейі жарияланған қайта құрылымдау шамамен 8 мың қызметкерді жұмыстан шығаруды және бос тұрған шамамен 6 мың орынды толтырмауды қамтиды. Құрылымдау аясында жұмыстан шығарылған қызметкерлерге сәрсенбі күні хабар берілді.

Жасанды интеллектке салынған инвестициялар бюджетті арттырды

“Meta” сәуір айында жоғары құрамдас бөлшек бағалары мен болашақтағы қуатты қолдайтын қосымша деректер орталығының шығындарына байланысты 2026 жылғы капиталдық шығындарын 125 миллиард пен 145 миллиард доллар аралығына көтергенін жариялады.

Саланың өте серпінді кезеңнен өтіп жатқанын айтқан Цукерберг компанияны дарынды адамдар ең үлкен ықпал жасай алатын орынға айналдыру үшін өзгертіп жатқандарын мәлімдеді. Компаниядан кеткен қызметкерлерге ризашылығын білдірген Цукерберг бұл үдерісте қалағандарынша ашық бола алмағандарын және мұның әлі де жетілдіруді қажет ететінін қосты.

АҚШ-та жұмыстан шығарылған қызметкерлерге еңбек өтіліне байланысты төрт айлық жалақыға қоса қосымша өтемақы төленеді. Сонымен қатар медициналық сақтандыру және иммиграциялық мәртебелері бойынша да қолдау көрсетіледі.

Іздеу
Украина Ресейдегі стратегиялық нысандарға соққы берді
Түркия АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімді құптады
Батыс Шерияда үш жыл ішінде 1 244 палестиналық қаза тапты
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
НАТО саммиті қарсаңында маңызды жиын өтті
АҚШ НАТО-ның Еуропадағы операцияларын қысқартпақ
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
Президент Ердоған: «Түрік Қызыл жарты ай ұйымы жаһандық қызметімен ерекшеленеді»
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі