Балаларға қол көтермеңіз! Физикалық жазаның әсері зерттелді
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
2 ... минут оқылды
Балаларға қол көтермеңіз! Физикалық жазаның әсері зерттелдіЛондон университеттік колледжі (UCL) балаларға көмек көрсету жөніндегі NSPCC ұйымының қолдауымен жүргізген жаңа зерттеу балаларға қолданылған физикалық жазалаудың ұзақ мерзімді теріс салдарын айқын көрсетті.
Бала (АА)

Ұлыбританияда жүргізілген алғашқы ауқымды зерттеуге сәйкес, физикалық жазаға ұшыраған балалардың кейінірек мінез-құлық проблемаларын көрсету және оқу жетістіктері жағынан артта қалу қаупі әлдеқайда жоғары.

Зерттеушілер Англия мен Солтүстік Ирландияда балаларға қатысты физикалық жазаны толықтай тыйым салатын заңнамалық өзгерістердің жүзеге аспауын «үлкен мүмкіндікті жоғалту және терең өкініш тудыратын жағдай» деп атады.

Бұл мәлімет Солтүстік Ирландияда балаларға қатысты «ақылға қонымды жаза» туралы заңдық қорғанысты алып тастауды көздеген заң жобасының қабылданбай қалуынан бірнеше күн өткен соң жарияланды.

Ұлыбритания құрамындағы Уэльс 2022 жылғы наурызда, ал Шотландия 2020 жылғы қарашада балаларды ұру, шапалақтау және сілку сияқты физикалық жазаның барлық түрін заңсыз деп жариялады. Алайда Англия мен Солтүстік Ирландияда бұл мәселеге қатысты құқықтық олқылық әлі де сақталып отыр.

Оқу үлгерімін төмендетеді, зорлық-зомбылыққа бейімділікті арттырады

Шамамен 19 мың баланың деректері талданған зерттеу мынадай маңызды нәтижелерді көрсетті:

Оқу үлгерімінің нашарлауы: 3, 5 және 7 жасында физикалық жазаға ұшыраған балалардың ағылшын тілі мен математиканы қоса алғанда GCSE (орта білімді аяқтау емтиханы) бойынша бес негізгі пәннін тапсыра алмау көрсеткіші 48 пайыз болды.

Агрессивті мінез-құлық: 3 пен 7 жас аралығында қандай да бір физикалық жаза көрген балалардың 14 жасқа толғанда құрдастарын ұру, итеру немесе қорлау ықтималдығы 35 пайызға жоғары екені анықталды.

Зерттеу авторларының бірі Бекка Лейси физикалық жазаның балаларға ешқандай пайдасы жоқ екенін айтып,

«Бұл балалардың оқу жетістіктерін төмендетіп қана қоймай, жасөспірімдік кезеңде қоғамға қарсы мінез-құлықтың артуына ықпал етеді», – деді.

Баяндаманың жетекші авторы доктор Аня Хайльманн ересектер заң жүзінде қорғалып келген физикалық зияннан балалардың қорғалмауы қабылдауға келмейтін жағдай екенін мәлімдеді.

Саяси және құқықтық пікірталас жалғасуда

Ұлыбританиядағы бала құқықтары жөніндегі төрт комиссар бұған дейін жасаған бірлескен мәлімдемесінде қолданыстағы құқықтық қорғаудың жеткіліксіздігін «заман талабына сай емес әрі моральдық тұрғыдан қабылдауға келмейтін жағдай» деп атап, физикалық жазалауға толық тыйым салуға шақырған болатын.

Бұл мәселе 2023 жылы Уокинг қаласында қаза тапқан 10 жастағы Сара Шарифтің ісінен кейін қайтадан қоғам назарын аударды. Қызын өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған әкесінің полицияға хабарласып, қызын «заң шегінде жазалағанын» мәлімдеуі қолданыстағы заңның теріс пайдаланылуы мүмкін екенін көрсетті.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды