Түрік қорғаныс компанияларының дрондары өмір құтқарады

Түркияның жоғары жүк көтергіш дрондары Вьетнамдағы апатта құтқару операцияларындағы маңызын айқын көрсетті.

By
"Zyrone Dynamics", "Titra Technology" және "DASAL" сияқты жетекші компаниялар қиын апат жағдайларында қолданыла алатын өнімдер шығарады. / AA / AA

Түркияның алдыңғы қатарлы фирмалары табиғи апаттар кезіндегі құтқару жұмыстарын жеңілдету мақсатында қиын жағдайларда адам өмірін құтқаруға арналған ұшқышсыз әуе аппараттарын әзірлеуде. Бұл үрдіс дрондардың қатерлі ортада адам құтқаруда жиілеп қолданылуымен қатар өрбіп келеді.

Жуырда Вьетнамның Ки Жут ауданы маңындағы Срепок өзенінің ортасында сел салдарынан қалып қойған бір ер адам дрон арқылы қауіпсіз жерге жеткізілді.

Дәстүрлі құтқару әдістері сел суы мен күрделі жер бедеріне байланысты нәтиже бермегенде ауыл шаруашылығына арналған бір дрон апаттан зардап шеккен адам үшін нағыз құтқарушыға айналды.

100 килограмм жүк көтере алатын дрон ер адамды қауіпсіз аймаққа тасымалдап, құтқарушылар оның судан аман шығуын қамтамасыз етті.

Түркиялық “Zyrone Dynamics”, “Titra Technology” және “DASAL” сияқты жетекші компаниялар қиын апат жағдайларында қолдануға болатын өнімдер әзірлеп келеді.

“Zyrone Dynamics” компаниясының “ZD360” жүк дроны — 60 килограмм жүкпен 10 шақырым радиуста жұмыс істей алатын жаңа буын технологиясы.
Ал 100 килограмм жүкпен жүктелгенде дронның ұшу қашықтығы шамамен 1 шақырымды құрайды.

Дронның өлшемі ұқсас жүйелерден шамамен төрт есе кіші болғандықтан оны кез келген жерге көлікпен жеткізуге әрі жедел орналастыруға мүмкіндік бар.

“Titra Technology” компаниясының “Alpin атты дроны Түркияның алғашқы ұшқышсыз тікұшағы ретінде ерекшеленеді.
Құрылғы жанармайды қоса есептегенде 200 килограммға дейін пайдалы жүк көтере алады.

“DASAL” ұсынатын “PUHU C75” сияқты бірнеше жүк дроны да бар. Олар 75 килограмм көтере алады.

“DASAL” сонымен қатар 150 килограмм көтере алатын және 30 минут ұшу уақытына ие “CONDOR-C150” моделін де әзірледі.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай жүйелер құтқару топтарын қауіпті аймақтардан алыста ұстап, жедел әрі тиімді әрекет арқылы адам шығынын және апаттардың экологиялық-материалдық залалын азайтуда маңызды рөл атқара алады.