Түркия қорғаныс өнеркәсібінде кері шегінбейді

Вице-президент Жевдет Йылмаз Түркия тұрақсыз әлемде тежеуші күш болуы керек деп мәлімдеді.

Түркия қорғаныс өнеркәсібінде кері шегінбейді

“Түркия қорғаныс өнеркәсібі саласында еш кері шегінбейді”, деп мәлімдеді Түркияның вице-президенті Жевдет Йылмаз.

Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінде сөйлеген сөзінде Йылмаз Түркияның қорғаныс өнеркәсібін басымдыққа алуды жалғастыратынын айтты.

Ол “НАТО мүшелері жыл сайын жалпы ішкі өнімнің 5 пайызын негізгі қорғаныс қажеттіліктеріне жұмсауға міндеттенген, Еуропалық Одақ өзінің «Еуропа қауіпсіздік әрекеті» (SAFE) бағдарламасын жариялаған және геосаяси қауіптер артып отырған әлемде Түркия ұстамды күш болуы керек және қорғаныс өнеркәсібін одан әрі дамытуы қажет”, деп атап өтті.

Йылмаз Түркия әрқашан дипломатия мен бейбітшілікті басымдыққа қойған ел екенін аатап көрсетті. «Бұған нақты мысал ретінде Түркия Газа, Қарабах, Украина, Сомали және Эфиопия сияқты көптеген мәселеде дипломатия мен бейбітшілікті басымдыққа қойғанын көрсетуге болады», – деді ол.

Вице-президент «Бірақ біз мына нәрсені де үйрендік: қаншалықты дұрыс болсаң да, егер сен мықты болмасаң, бұл әлемде басқалардың мейіріміне сеніп өмір сүре алмайсың», – деді.

Ол «Біз мұны Газада көрдік. Біз әрі мықты, әрі дұрыс болуымыз керек. Екеуін де істеуіміз қажет және Түркия Республикасы ретінде біз мұны жүзеге асырамыз» деді.