ЭКОНОМИКА
1 ... минут оқылды
Әзербайжаннан Түркияға 33 миллиард текше метр табиғи газ жеткізу туралы келісімге қол қойылды
2029 жылдан бастап 15 жыл бойы Әзербайжаннан Түркияға жалпы көлемі 33 миллиард текше метр табиғи газ жеткізуді көздейтін келісімшартқа қол қойды.
Әзербайжаннан Түркияға 33 миллиард текше метр табиғи газ жеткізу туралы келісімге қол қойылды
Әзербайжаннан Түркияға 33 миллиард текше метр табиғи газ жеткізу туралы келісімге қол қойылды

Мұнай-газ құбырлары акционерлік қоғамы (BOTAŞ) мен Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR), «TotalEnergies» және Абу-Даби Ұлттық мұнай компаниясы (ADNOC) 2029 жылдан бастап 15 жыл бойы Әзербайжаннан Түркияға жалпы көлемі 33 миллиард текше метр табиғи газ жеткізуді көздейтін келісімшартқа қол қойды.

Түркия Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Түркия мен Әзербайжан арасындағы энергия саласындағы берік қарым-қатынас Баку энергетика апталығында жаңа деңгейге көтерілді.

Баку энергетикалық форумы аясында бекітілген табиғи газды жеткізу келісіміне сәйкес, «Абшерон» кен орнындағы жаңа өндірістік инвестициялар шеңберінде 2029 жылдан бастап Түркияға жалпы көлемі 33 миллиард текше метр табиғи газ жеткізілмек.

Түркияның энергетика саласындағы орталық елге айналу мақсатын қолдайтын бұл қадам елдің, сондай-ақ аймақ пен Еуропаның энергиямен жабдықтау қауіпсіздігіне үлес қосады деп көзделіп отыр.

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар қаңтар айының басында Әзербайжанмен жалпы көлемі 33 миллиард текше метрді құрайтын жаңа табиғи газ жеткізу келісімі жасалғанын жариялап, «Әзербайжандағы Абшерон кен орнынан жыл сайын 2,25 миллиард текше метрден, 15 жыл бойы жалпы есеппен 33 миллиард текше метрлік газ алу туралы келісім», — деген тұжырымды тілге тиек еткен еді.

Іздеу
Украина Ресейдегі стратегиялық нысандарға соққы берді
Түркия АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімді құптады
Батыс Шерияда үш жыл ішінде 1 244 палестиналық қаза тапты
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
НАТО саммиті қарсаңында маңызды жиын өтті
АҚШ НАТО-ның Еуропадағы операцияларын қысқартпақ
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
Президент Ердоған: «Түрік Қызыл жарты ай ұйымы жаһандық қызметімен ерекшеленеді»
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі