ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Иран: «Исламабад келісіміне Женевада қол қойылады»
Ирандық дипломаттар келісім шарттарына сәйкес АҚШ-тың теңіз блокадасын алып тастау үдерісі жексенбі түнде басталатынын мәлімдеді.
Иран: «Исламабад келісіміне Женевада қол қойылады»
Иран: «Исламабад келісіміне Женевада қол қойылады» / AP

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади Иран мен АҚШ арасындағы өзара келісімнің аяқталғанын және оған жұма күні Женева қаласында ресми түрде қол қойылатынын хабарлады.

Иранның «Mehr News» агенттігінің мәліметінше, келісімге қол қою рәсімі Швейцарияның Женева қаласында өтеді.

Тегеран өңірлік шиеленістің күшеюі аясында түпкілікті жобаны бекіту үшін қарқынды дипломатиялық келіссөз жүргізді.

Казым Гарибабади сондай-ақ АҚШ-тың Иранға қарсы енгізген теңіз блокадасы жексенбі түнде аяқталатынын айтты.

Жеңіспен бекіген дипломатия

Гарибабади бұл келісімді тек дипломатияның ғана емес, сонымен қатар Иранның қақтығыс кезіндегі әскери жетістіктерінің нәтижесі деп бағалады.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары: «Шабуылды бастаған қарсылас өзінің арам пиғылды мақсатына жете алмады, ал Ислам Республикасы соғыста үлкен жеңіске қол жеткізді», – деді. Ол сондай-ақ Иранның келісім жобасына өзі маңызды деп санайтын барлық мәселені енгізгенін және ресми қол қою рәсімінен кейін толық мәтін жарияланатынын айтты.

Гарибабади: «Соңғы бірнеше күн ішінде Пәкістан және Катармен келісім жөнінде келіссөздер жүргіздік. Бүгін Тегеранда Катар делегациясымен келісімге қатысты пікірлерімізді талқыладық », – деді.

Қатаң бақылау тетіктері бекітілді

Иран билігі Швейцарияда ресми дипломатиялық қол қою рәсімі өткеннен кейін бейбіт келісімнің мазмұнына қатысты толық ашықтықты сақтауды көздеп отыр.

Ирандық шенеунік: «Америкамен жасалған өзара келісімнің шарттарын ресми қол қойылғаннан кейін жариялаймыз. Американың келісімдегі міндеттемелерін орындауын бақылауға арналған арнайы бағдарламаларымыз бар », – деп мәлімдеді Гарибабади.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ–Иран жобасы Ормуз бұғазын ашуды көздейді
Іздеу
НАТО-ның Анкара саммитінің декларациясы жарияланды
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Кремль: "Біз Анкарадағы НАТО саммитін мұқият қадағалап отырмыз"
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті