ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Туфан Ерхүрман Гирне жағалауында аударылған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылғанын хабарлады.
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды / AA

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) президенті Туфан Ерхүрман әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде «Кеме табылды.Іздеу-құтқару жұмыстары 24 сағаттық режимде жүргізілуде. Бұл жұмыстар үздіксіз жалғасады», — деді.

Ерхүрман өз мәлімдемесінде «TCG Alemdar» кемесінің де аймаққа келіп іздеу жұмыстарын бастағанын, бұл кеменің кешеден бері Гирне жағалауында іздеу жүргізіп жатқан «TCG Işın» кемесімен бірдей технологиямен жабдықталғанын атап өтті.

Гирне жағалауында аударылған кеме

СКТР-дегі Гирне порты мен Мерсиндегі Ташуджу порты арасында қатынайтын «Filo Jet» деп аталатын жылдам жүретін жолаушылар кемесі жексенбі күні түс ауа Гирнеден жолға шыққаннан кейін көп ұзамай алдыңғы бөлігінен су ала бастаған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия аударылған кемеде қаза тапқандар үшін көңіл айтты

Гирне портына қайта оралуға тырысқан сәтте аударылып кеткен кемеден 241 адам құтқарылып, 8 адамның мәйіті табылған еді, ал жоғалған 20 адамды іздеу жұмыстары басталған болатын.

Батып кеткен кеменің қалдықтары Гирне жағалауындағы теңіздің 550 метр тереңдігінен табылғаны хабарланды.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады