Түркияның оқу-жаттығу ұшағы «HÜRJET» «TEKNOFEST 2025» көрмесінде көздің жауын алды
/ Anadolu Agency
Түркияның оқу-жаттығу ұшағы «HÜRJET» «TEKNOFEST 2025» көрмесінде көздің жауын алды
Түркияның қорғаныс өнеркәсібі соңғы жиырма жылда өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін айтарлықтай жоғарылатып, бұрын 80 пайыз болған шетелге тәуелділікті  20 пайызға дейін төмендетті.
18 Қыркүйек 2025

Әлемдегі ең ірі авиация және технология фестивалі «TEKNOFEST» сәрсенбі күні Стамбулда басталды. Шарада соғыс ұшақтарынан бастап ұшқышсыз әуе аппараттарына дейін сан алуан жаңа технологиялар көрсетілуде.

Әсіресе қорғаныс саласындағы компаниялардың стендтері қатысушылардың, әсіресе түрік қару-жарағы мен авиация саласындағы технологияларды көру үшін кезекке тұрған студенттердің де назарын аударды.

Түркияда жасалған ұшақтар мен тікұшақтарға деген қызығушылық елдің қорғаныс өнеркәсібінің соңғы жылдардағы қарқынды дамуын айқын көрсетеді. 2024 жылы қорғаныс экспорты 7,15 миллиард долларға жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 29 пайызға артқан. Бұдан бөлек түрік қорғаныс компаниялары бүгінде ұшқышсыз әуе аппараттары мен брондалған көліктерді 180 елге сатуда.

Мәселен Испания Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі (TUSAŞ) жасаған жалғыз қозғалтқышты, жылдам ұшатын «HÜRJET» заманауи оқу-жаттығу және шабуыл ұшағынан 30 дана сатып алуды жоспарлауда.

«TEKNOFEST» барысында «TUSAŞ» өкілі «TRT World» арнасына берген сұхбатында: «HÜRJET» алтыншы буын ұшақтардың ұшқыштарын даярлау үшін аса қажет, бұл жаңа технологиямен жабдықталған реактивті ұшақ», – деді.

Алтыншы буын жойғыш ұшақтары 2030 жылы пайдалануға берілуі мүмкін. Бұл ұшақтар жасанды интеллектті кеңінен қолдану арқылы қазіргі әскери авиация флоттарымен салыстырғанда елеулі артықшылықтарға ие.

«Көптеген мемлекет жаңа буын ұшқыштарын даярлау үшін «HÜRJET»-ті сатып алуға қызығушылық танытып отыр»,- деді «TUSAŞ» өкілі.

Түркияның қорғаныс өнеркәсібі соңғы жиырма жылда өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін айтарлықтай жоғарылатып, бұрын 80 пайыз болған шетелге тәуелділікті  20 пайызға дейін төмендетті.

«HÜRJET» атауы «еркін ұшақ» деген мағынаны білдіреді. Ол қолжетімді бағада және заманауи авионикамен жабдықталған. «TUSAŞ» өкілінің сөзінше, «HÜRJET» «Boeing-Saab T-7 Red Hawk» және Оңтүстік Кореяның «KAI T-50» секілді батыстың оқу-жаттығу ұшақтарына балама ретінде қалыптасуда.

БАҚ-тағы жаңалықтарға қарағанда, «HÜRJET» ескірген «T-45 Goshawk» ұшақтарының орнына 2028 жылға дейін 145 жаңа ұшақ алуды жоспарлап отырған АҚШ Әскери-теңіз күштеріне ұсынылған.

«HÜRJET» 2023 жылы алғаш рет ұшты және әлі де жетілдірілуде. Ұшақ тек оқу-жаттығу міндетін атқарып қана қоймай, жақын әуе қолдауын, әуе патрулін тіпті асимметриялық қақтығыстарда шабуыл операцияларын орындай алатын көп мақсатты платформаға айналуда.

«TUSAŞ» өкілі: «Қозғалтқыштан басқасының барлығы отандық өнім. Ең бастысы – дизайн. Біз оны толық өзіміз жасадық. Болашақта қозғалтқыш та отандық өнім болады деп үміттенеміз», – деді.

«TUSAŞ» қазіргі таңда екі түрлі тікұшақты ірі көлемде экспорттап отыр. «T129 ATAK» - Италияның «A129 Mangusta» үлгісінің лицензияланған нұсқасы түрік авионикасы және қару-жарақ жүйелерімен жетілдірілген барлау-шабуыл тікұшағы.

Екіншісі «T625 Gökbey» - қолайсыз климат, далалық және таулы аймақтарда уақыт талғамай жұмыс істеуге арналған көп мақсатты отандық тікұшақ.

2022–2024 жылдар аралығында Түркия Филиппинге алты «T129 ATAK» тікұшағын экспорттады. Бұл тікұшақтар Филиппин Әуе күштері тарапынан көтерілісшілерге қарсы операцияларда қолданылуда.

Нигерия да «Боко Харамға» қарсы күрес кезінде осындай алты тікұшақ сатып алды.

Іздеу
Израиль 6 апталық үзілістен кейін Әл-Ақса мешіті мен Қасиетті Қабір шіркеуін қайта ашады
Ливан  бір күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады
«Хезболла» ұйымы Израильдің солтүстігіне зымыран шабуылын жасады
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
Израиль оппозициясы Нетаньяхудың ісі «саяси және стратегиялық сәтсіздік» деді
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
Трамп Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АҚШ-тың рөліне назар аударды
Иран: “АҚШ 10 тармақтан тұратын бейбітшілік ұсынысын «принципті түрде» қабылдады”
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды