ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Атлант мұхитындағы кемеде хантавирус жұқтырғандар саны артты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Атлант мұхитының оңтүстігінде Аргентинадан Африканың батысындағы Кабо-Вердеге бағыт алған кемеде жеті жолаушыда хантавирус анықталғанын білдірді.
Атлант мұхитындағы кемеде хантавирус жұқтырғандар саны артты
Кабо-Верде жағалауындағы хантавирус тіркелген круиздік кеме. / Reuters

Бас директор бұл туралы “X” әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«4 мамырдағы дерек бойынша, кеме 1 сәуірде жолға шыққаннан бері 3 өлімді қоса алғанда 7 хантавирус дерегі (2 расталған және 5 күмәнді) анықталды», – деді ол. Осы уақытқа дейін алынған мәліметке сүйене отырып, ДДСҰ бұл вирустың жаһандық қаупін төмен деп бағалап отыр.

Гебрейесустың айтуынша, ДДСҰ кемедегі жолаушылар мен экипажға қолдау көрсету үшін тиісті елдермен және кеме операторының өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеуде. «Үйлестірілген халықаралық шаралар жан-жақты тергеуді, науқастарды оқшаулауды және күтімді, медициналық эвакуацияны және зертханалық тексерулерді қамтиды», – деді ол.

Хантавирус

Хантавирус көбінесе кеміргіштер арқылы жұғатын ауру ретінде белгілі.

Кеміргіштердің кепкен нәжісі, зәрі және сілекейі араласқан ауаны жұту, кейде кеміргіштің шағуы немесе тырнауы арқылы жұғатын бұл вирустың дене қызуының көтерілуі, шаршау және бұлшықет ауыру сияқты белгілері бар. Сондай-ақ бұл вирус тыныс алу жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін, ал кейбір жағдайда ішкі қан кету мен бүйрек жеткіліксіздігін тудырады.

ҚатыстыTRT Қазақ - ДДСҰ: «Хантавирус індетінен үш адам қайтыс болды»
Іздеу
Ішкі істер министрі Чифтчи 19 мамырдың тарихи маңызына тоқталды
Иран Ормуз бұғазын басқару үшін жаңа орган құрды
Түркия Қырым татарлары мен черкес халқының қасіретін еске алды
Батыс Шерияда палестиналықтарға өлім жазасын қарастыратын заң күшіне енді
Пәкістанда жарылыс болды
Эрджиес шаңғы орталығы биылғы маусымда 3 миллион 300 мың турист қабылдады
Израиль Ирак аумағында екі құпия әскери база құрған
АҚШ өкілі Сирияны бүкіл өңір үшін «үміт» деп атады
Хакан Фидан мен Аббас Аракчи АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздерді талқылады
Израиль Газада азық-түлік тарату пунктін бомбалап, тағы 4 палестиналықты өлтірді
Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бес лауазымды тұлғасына ордер шығарды
Президент Ердоған Халықаралық отбасы күніне орай құттықтау жолдады
Президент Ердоған: “Еуразиядағы бейбітшіліктің кілті: Түркі әлемі”
Хакан Фидан Түркі Мемлекеттері Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысады
Президент Ердоған ұлттық спортшыларды құттықтады