МӘДЕНИЕТ
1 ... минут оқылды
Зеугма мозаика мұражайы 49 мың 733 келушіні қабылдады
Әлемге әйгілі «Сыған қызы» мозаикасы бастаған көптеген маңызды жәдігер көрмеге қойылған Зеугма мозаика мұражайы 9 күндік Құрбан айт мерекесі демалысында 49 мың 733 келушіні қонақ етті.
Зеугма мозаика мұражайы 49 мың 733 келушіні қабылдады
Зеугма мозаика мұражайы 49 мың 733 келушіні қабылдады

«Сыған қызы», «Марс мүсіні», Рим дәуіріне тиесілі субұрқақтар мен Евфрат өзенінің жағасындағы виллалардан табылған мозаикалар сияқты жүздеген туынды паш етілген Зеугма мозаика мұражайы Құрбан айт демалысында саяхатшылар ең көп бас сұққан орындардың біріне айналды.

«Президенттің Мәдениет және өнер бас жүлдесінің» де иегері саналатын бұл мұражайды демалыс күндері 49 мың 733 адам тамашалады.

Самсуннан келген Хедие Бешикчи Газиантепке арнайы Зеугма мұражайын көру үшін ат басын бұрғанын білдіріп, «Өте риза болдым, халық өте көп екен. Маған ұнады, тамаша жәдігерлер бар», — деді.

Коньяның Бейшехир ауданынан келген Кәмил Бахтияр болса: «Достармен бірге балаларды әкелдік, тарихи орындарды көріп таныссын дедік. Зеугманы да аралап жүрміз, Газиантепке бұған дейін де келгенмін, бірақ бұл жерге бірінші рет келуім. Кешігіп келіппіз, адам өте көп, бұл жер өзіне көрсетілген қызығушылыққа әбден лайық», — деп ағынан жарылды.

Іздеу
Әлем кубогы Испанияға бұйырды
Францияда 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды
АҚШ Иранның Чабахар портындағы бақылау мұнарасына соққы берді
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді
АҚШ Грекияға әскери техника сатуды мақұлдады
Тоқаев: «Қазақстан Қытайды Еуропамен байланыстыратын негізгі логистикалық орталыққа айналуы керек»
Кремль: «Украина мәселесіне қатысты келіссөздерді Түркияның араағайындығымен бастауға дайынбыз»
15 шілдеден кейінгі энергетикалық саясат
Украина Сыртқы істер министрі: «Атысты тоқтатуға дайынбыз»
Израиль шабуылдарынан төрт палестиналық қаза тапты
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына байланысты ескерту жасады
Израильге әскери көмекті тоқтату туралы заң жобасы қабылданбады
Волейболдан Түркияның ерлер құрамасы Ұлттар лигасында алтыншы рет жеңіске жетті
«Біз Еуропалық одақтың толыққанды мүшесі болуға лайықпыз»