ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Қытай Айда екі жаңа минералдың табылғанын хабарлады
Магнезиочангесит-(Y) пен чангесит-(Ce) минералдарымен бірге Айда анықталған минералдардың саны сегізге жетті.
Қытай Айда екі жаңа минералдың табылғанын хабарлады
Қытай Айда екі жаңа минералдың табылғанын хабарлады / Reuters

Мемлекеттік ақпарат құралдары жұма күні Қытайдың Айдан екі жаңа минерал анықтағанын жариялады.

Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасының мәліметінше, бұл минералдар «Chang’e-5» миссиясы жеткізген ай үлгілерін зерттеу барысында табылған.

«Chang’e-5» аппараты 2020 жылдың желтоқсанында Жерге қайтып, Айдың «Oceanus Procellarum» бөлімінен шамамен 1731 грамм топырақ әкелген болатын. Бұл – соңғы 44 жыл ішінде алғаш рет Жерге жеткізілген ай үлгілері саналады.

Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы жаңа минералдарға магнезиочангесит-(Y) және чангесит-(Ce) деген атау бергенін хабарлады. Осы жаңалықпен бірге Айда тіркелген минералдардың жалпы саны сегізге жетті.

2022 жылы қытайлық ғарышкерлер чангесит-(Y) минералын алғаш рет анықтаған болатын.

Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы бұл жаңалықты Сычуань уәлаятының орталығы Чэнду қаласында ғарыш күніне арналған салтанатты іс-шарада жариялап, минералдардың Халықаралық минералогия қауымдастығының Жаңа минералдар, атау беру және жіктеу комиссиясы тарапынан ресми түрде бекітілгенін мәлімдеді.

2019 жылы Қытай «Chang’e-4» аппараты арқылы Айдың арғы бетіне қонған еді.

Іздеу
Украина Ресейдегі стратегиялық нысандарға соққы берді
Түркия АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімді құптады
Батыс Шерияда үш жыл ішінде 1 244 палестиналық қаза тапты
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
НАТО саммиті қарсаңында маңызды жиын өтті
АҚШ НАТО-ның Еуропадағы операцияларын қысқартпақ
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
Президент Ердоған: «Түрік Қызыл жарты ай ұйымы жаһандық қызметімен ерекшеленеді»
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі