ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Министр Фидан Мысырға жасаған сапары туралы мәлімдеме жариялады
«Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың артуы халықтарымыздың ортақ мүддесіне қызмет етіп қана қоймай, өңірдегі бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеуге де үлес қосады».
Министр Фидан Мысырға жасаған сапары туралы мәлімдеме жариялады
Хакан Фидан Мысырда

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркия мен Мысырдың тарихы мен аймақтағы орнына байланысты өз жауапкершілігін сезіне отырып әрекет ететін екі ірі мемлекет екенін атап өтті.

Фидан: «Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың артуы халықтарымыздың ортақ мүддесіне қызмет етіп қана қоймай, өңірдегі бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеуге де үлес қосады. Осы ұстаным және президенттеріміздің көзқарасы негізінде бірге жұмыс істеуді, қарым-қатынастарымызды өзара сенім мен ортақ мүдде негізінде одан әрі тереңдетуді жалғастырамыз», – деді.

Министр Фидан «Nsosyal» желісіндегі парақшасында Мысырға жасаған сапары туралы жазба жариялады.

Фидан бұл сапар екі ел арасында өте жоғары деңгейде дамып келе жатқан ынтымақтастықты және өңірдегі соңғы оқиғаларды талқылау тұрғысынан аса маңызды мүмкіндік болғанын атап өтті.

«Жылы қабылдауы үшін ең алдымен құрметті әріптесім әрі бауырым Бедр Абдулатиге және барлық мысырлық лауазымды тұлғаға алғыс айтамын», – деді ол.

Фидан сапар барысында мысырлық әріптесі Абдулатимен бірге Түркия–Мысыр Бірлескен жоспарлау тобының екінші отырысына тең төрағалық еткендерін айтты.

«Сонымен қатар Мысыр барлау қызметінің басшысы Хасан Решадпен және Араб лигасының бас хатшысы Небил Фехмимен кездестік. Екіжақты сауда көлемін арттыруға, экономикалық байланыстарымызды әртараптандыруға және елдеріміз арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған келісімдерге қол қойдық», – деді Фидан.

Хакан Фидан 13–14 тамыз күндері ресми сапармен Мысырға барған болатын.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады