ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
АҚШ Кувейтте қаза тапқан екі сарбаздың аты-жөнін жариялады
Иранның Кувейтте орналасқан АҚШ логистикалық орталығына жасаған шабуылы салдарынан алты америкалық әскери қызметкер қаза тауып, 18 сарбаз жараланды.
АҚШ Кувейтте қаза тапқан екі сарбаздың аты-жөнін жариялады
АҚШ Кувейтте қаза тапқан екі сарбаздың аты-жөнін жариялады / Reuters

Пентагон сәрсенбі күні Иранға қарсы соғыс кезінде қаза тапқан АҚШ-тың тағы екі әскери қызметкерінің ат-жөнін жариялады.

АҚШ армиясының резервтік күштеріндегі екі сарбаз жексенбі күні Кувейттің Шуаиба портындағы АҚШ әскери нысанына жасалған ұшқышсыз әуе аппараты шабуылы кезінде қаза тапқан. Сол шабуылда тағы төрт әскери қызметкер де көз жұмған.

АҚШ Қорғаныс министрлігі сенбі күні Иранға тиесілі ұшқышсыз әуе аппаратының Шуаиба портына жасаған шабуылынан қаза тапқан алты америкалық әскери қызметкердің екеуі Айова штатының Индианола қаласынан 45 жастағы Джеффри Р. О’Брайен және Калифорния штатының Сакраменто қаласынан 54 жастағы Роберт М. Марзан екенін хабарлады.

Пентагон Марзанның шабуыл болған жерде қаза тапқанын және оның нақты тұлғасы сот-медициналық сараптамадан кейін анықталатынын мәлімдеді.

Пентагон бұған дейін қаза тапқан тағы төрт әскери қызметкердің есімдерін жариялаған болатын. Олар Флорида штатының Уинтер-Хейвен қаласынан 35 жастағы Коди А. Хорк, Небраска штатының Белвью қаласынан 42 жастағы Ноа Л. Титженс, Миннесота штатының Уайт-Беар-Лейк қаласынан 39 жастағы Николь М. Амор және Айова штатының Уэст-Де-Мойн қаласынан 20 жастағы Деклан Дж. Коуди.

Кувейттегі Шуаиба порты ˗ коммерциялық порт болғанымен, АҚШ әскері үшін тактикалық техникалар мен әскери жабдықтарды тасымалдауда маңызды логистикалық орталық.

Шабуыл салдарынан 18 сарбаз жарақат алды.

Бұл шабуыл сенбі күні АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған бірлескен соққыларынан кейін болды. Сол шабуыл барысында Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменеи бастаған бірқатар жоғары лауазымды ирандық шенеуніктер қаза тапқан.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты

Содан бері Иран Парсы шығанағы елдері мен аймақтағы АҚШ-тың әскери нысандарына шабуылдауда.

Іздеу
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Зеленский: «АҚШ Ресей мен Украина арасындағы соғысты бәсеңдетуге күш салып жатыр»
Араб коалициясы хоуситтердің шабуылдарына қарсы шара қабылдайтынын айтты
Катар АҚШ-Иран дағдарысын аймақтық диалог арқылы "біртіндеп еңсеруді" көздейді
ХАМАС Израильді Газа геноцидінің дәлелдерін жасыруға тырысты деп айыптайды
Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан алты адам жараланды
Фолькер Тюрк жаһандық дағдарыстарға байланысты үндеу жасады
Ресей: «Германия Бонндағы Бас консулдығымызды негізсіз сылтаумен жапты»
Ресей мен Украина келіссөздері қайта жандануы мүмкін
Түркияның волейболдағы жеңісі Италия баспасөзінде кеңінен талқыланды
Жаңа Делиде көпқабатты ғимарат опырылып, бес адам қаза тапты
БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінде Газа мәселесіне баса назар аударылды
Қытайдың Өзбекстан экономикасына әсері: Сауда көлемі өсуде, тапшылық артуда
Израиль Ливанға соққы берді
Иран Ормуз бұғазы маңында тыйым салынған аймақ жарияламақ