САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Венесуэла БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен шұғыл отырыс өткізуді сұрады
Венесуэла өз талабын бейсенбі күні БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі әрі Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Василий Небензияға жолдаған хатында білдірді.
Венесуэла БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен шұғыл отырыс өткізуді сұрады
Мыңдаған венесуэлалық қаржы тапшылығына тап болған елдің қорғанысын күшейту жөніндегі Мадуроның шақыруына жауап ретінде азаматтық жасақтарға қосылды. / Reuters

Венесуэла үкіметі ел жағалауындағы су айдынында АҚШ-тың соңғы апталарда жүргізген әскери әрекеттерін қарастыру үшін Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді талап етті.

Хатта АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Венесуэла президенті Николас Мадуроны құлатуға ұмтылып, «аймақтық және халықаралық бейбітшілікке, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіріп отыр» деп айыпталды.

Мадуро үкіметі сонымен қатар «өте жақын уақытта» Венесуэлаға қарсы «қарулы шабуыл» жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұл талап АҚШ Конгресі Трамптың есірткі тасымалдаушыларына қарсы өлімге әкелетін әскери күш қолдану өкілеттігін шектейтін заңды қабылдаудан бір күн өткен соң қойылды.

Осы уақытқа дейін АҚШ әскері Кариб аймағында әскери-теңіз күштерін арттырып, Трамптың есірткі картельдеріне қарсы жариялаған «қарулы қақтығыс» аясында төрт шабуыл жасап, төрт адамды өлтірген.

Алайда Мадуро үкіметі Ақ Үйді есірткі тасымалын операцияға сылтау ретінде пайдаланып отыр деп айыптады.

Венесуэланың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Самуэль Монкада хатында былай деп жазды: «Шын мәнінде, мақсат бір: АҚШ-тың Венесуэлаға қатысты 26 жылдан астам уақыт бойы ұстанып келе жатқан бағыты – Венесуэла аумағындағы мол табиғи ресурстарды бақылау үшін “режимді ауыстыру” саясатын алға жылжыту».

Шиеленістер

Венесуэланың талабында АҚШ-тың есірткі тасымалдады деп айыпталған қайықтарға жасаған төрт шабуылы кезінде қаза тапқан 21 адам туралы айтылмаған.

Трамп әкімшілігінің мәліметінше, бұл қайықтардың үшеуі Венесуэладан шыққан.

Ресей ұзақ уақыт бойы Венесуэланың одақтасы саналады.

Мыңдаған венесуэлалық Мадуроның қаржы тапшылығына тап болған елдің қорғанысын күшейту туралы шақыруына жауап ретінде азаматтық жасақтарға қосылды.

Каракас пен Вашингтон 2019 жылы дипломатиялық қатынастарын үзген болатын.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді