ЖАҢА СИРИЯ
1 ... минут оқылды
Сирия президенті ұлттық қауіпсіздік және барлау қызметтерінің жаңа басшыларын тағайындады
Сирия мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ішкі істер министрі Әнес Хаттаб Ұлттық қауіпсіздік бюросының басшысы, ал Абдулқадыр Тахан Жалпы барлау қызметінің басшысы тағайындалды.
Сирия президенті ұлттық қауіпсіздік және барлау қызметтерінің жаңа басшыларын тағайындады
Сирия президенті Ахмед Әл-Шара ұлттық қауіпсіздік және барлау қызметтерінің жаңа басшыларын тағайындады. [Мұрағаттық сурет]

Сирия президенті Ахмед Әл-Шара Ұлттық қауіпсіздік бюросы мен Жалпы барлау қызметінің басшыларын тағайындады.

Сирияның “SANA” мемлекеттік ақпарат агенттігінің жексенбі күні хабарлауынша, президент Әл-Шара Ішкі істер министрі Әнес Хаттабты министр қызметінде қалдырып, оған қоса Ұлттық қауіпсіздік бюросының басшысы қызметін де жүктеді.

Сондай-ақ президент Абдулқадыр Таханды Жалпы барлау қызметінің басшысы етіп тағайындады.

Кадрлық тағайындаулар аясында Хусейн әс-Салама Ұлттық қауіпсіздік бюросы басшысының орынбасары, ал Мулхам әш-Шантуут қауіпсіздік мәселелеріне жауапты ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту

Ұлттық қауіпсіздік бюросы Сириядағы барлық қауіпсіздік құрылымдарының қызметін үйлестіреді және қадағалайды. Ал Жалпы барлау қызметі барлау ақпаратын жинауға, ішкі және сыртқы мәселелер бойынша ұлттық қауіпсіздікке қатысты бағалау жүргізуге, сондай-ақ тыңшылық пен терроризмге қарсы күреске жауап береді.

Бұл тағайындаулар Сирияның жаңа билігінің ұлттық қауіпсіздікті нығайту, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету және даму мен қайта қалпына келтіру үдерісіне кедергі келтіретін мәселелерді жою жөніндегі күш-жігерінің бір бөлігі ретінде жүзеге асырылды.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады