ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
ЕО Даму Банкі Түркияға инвестиция салуды жоспарлауда
Банктің Бірінші вице-президенті Грег Гайеттің айтуынша, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі биыл Түркияда энергетика, инфрақұрылым және басқа да салаларды қамтитын 42 жобаға 2,5 миллиард доллардан астам инвестиция салған.
ЕО Даму Банкі Түркияға инвестиция салуды жоспарлауда
ЕО Даму Банкі Түркияға инвестиция салуды жоспарлауда / AA

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі Түркиядағы қызметін және инвестиция көлемін арттырып келеді. Банк елдің инновациялық экономикасына, жасыл трансформациясына және Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық рөліне сенім артып, инвестиция салуда.

Ресми сапары барысында Анадолы агенттігіне сұхбат берген банктің Бірінші вице-президенті Грег Гайетт биыл энергетика, инфрақұрылым, шағын және орта бизнес, корпоративтік даму және инновация бағыттарын қамтитын 42 жобаға шамамен 2,55 миллиард доллар бөлінгенін айтты.

Гайетт: «Жыл соңына дейін өткен жылғы нәтижеге жету немесе одан да асып түсу мүмкіндігіміз өте жоғары деп ойлаймын», - деді. Ол 2024 жылы банктің Түркиядағы инвестициясы 3,01 миллиард долларға жетіп, рекорд жаңартқанын еске салды.

Гайетт Стамбулдың банктің жаһандық операцияларындағы өсіп келе жатқан рөлін атап өтіп, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің өңірлік орталықтарының бірі дәл осы қалада орналасатынын баса айтты. «Стамбулда қызметкерлер санын арттырамыз. Түркияда мықты мамандардың көптігі қуантады», - деді.

Сонымен қатар Түркияның географиялық және геосаяси орналасуы елді деректер және сауда үшін маңызды хабқа айналдырып отырғанын айтты. Жаһандық геосаяси өзгерістерге байланысты деректердің бөлінуі және деректерді жергілікті сақтау үрдісі өсіп келе жатқандықтан Түркияның бұл салада орталық рөл атқара алатынын жеткізді.

Банк сондай-ақ Түркияның жер сілкінісінен кейінгі қалпына келтіру бағдарламасына  қолдауын арттырды. Қайта құру жұмыстары мен зардап шеккен қауымдастықтарды қолдау үшін 1,83 миллиард доллар бөлді. Гайетт: «Мен үшін ең мақтанарлық дүниенің бірі ˗ аймақтағы баспанасынан айырылған адамдарға көрсеткен қолдауымыз. Тұрғын үй, баспана, шағын және орта бизнес бастамалары арқылы жұмыс орындарын құру»,- деді.

Ол жер сілкінісінен зардап шеккен өңірлерге, әсіресе тұрғын үй салу және жұмыспен қамту мәселелерінде қосымша инвестиция жоспарланып отырғанын, кейбір аймақтардың ерекше қолдауды қажет ететінін атап өтті.

Әлемдік экономикалық белгісіздікке қарамастан, Гайетт банктің Түркияның ұзақ мерзімді әлеуетіне сенімді екенін айтты. Оның айтуынша, елдің жас, жақсы білім алған халқы ˗ үлкен артықшылық.

Сондай-ақ ол Түркияның қазіргі экономикалық саясаты инфляцияны ауыздықтауға көмектесетініне сенім білдіріп, «Қазіргі саясат инфляцияны төмендетуге көмектеседі деп үміттенеміз»,- деді.

 

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Сыртқы істер министрі CICA-ның 7-ші Саммитінде сөз сөйледі
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Президент Ердоған: "Түркия Сауд Арабиясының жанында"
Бельгия Түркиямен өнеркәсіп және инвестиция салаларында ынтымақтастықты нығайтуға шақырды
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
Коммуникация басқармасы төрағасы Дуран Израиль Қорғаныс министрі Кацтың мәлімдемелеріне жауап берді
Ибрахим Калын Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті
Түркия Мекке қорғаныс альянсына қатысты мәлімдеме жасады
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Президент Ердоғанның Палестинаға қолдауы жалғасып келеді
Түркия 2027 жылы алғашқы "HÜRSAT"  бақылау спутнигін ұшыруды мақсат етеді
Канада премьер-министрі Түркияға алғаш рет сапарлай келеді