САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран-АҚШ ядролық келіссөздері Оманда өтеді
Вашингтон-Тегеран келіссөздері жұма күні Оманда өтеді деп хабарланды.
Иран-АҚШ ядролық келіссөздері Оманда өтеді
Иран-АҚШ ядролық келіссөздері Оманда өтеді / Reuters Archive

“Axios” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ пен Иран арасындағы ядролық келіссөздер Оманда өтеді деп жоспарлануда.

“Axios” тілшісі Барак Равид “X” әлеуметтік желісінде араб дереккөзіне сілтеме жасай отырып, «АҚШ пен Иран арасындағы ядролық келіссөздер жұма күні Оманда өтеді деп күтілуде», — деп мәлімдеді.

Равид «Аймақтағы араб және мұсылман елдерінің Омандағы келіссөздерге қатысу-қатыспау мәселесі бойынша талқылаулар жалғасуда», — деп толықтырды.

Ақ Үй, Маскат және Тегеран бұл мәселеге қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Кейбір аймақ елдері өкілдерінің келіссөздерге қатысуы мүмкін екендігі туралы хабарлар тарады, бірақ “Axios” Иранның тікелей келіссөздер жүргізуге күш салып жатқанын хабарлады.

Дональд Трамп әкімшілігі Иран үкіметінің агрессивті жауап қайтаруынан қауіптенген аймақ елдерінің талап етуімен Ирандағы әскери операцияны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдағаны хабарланды.

Іздеу
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Зеленский: «АҚШ Ресей мен Украина арасындағы соғысты бәсеңдетуге күш салып жатыр»
Араб коалициясы хоуситтердің шабуылдарына қарсы шара қабылдайтынын айтты
Катар АҚШ-Иран дағдарысын аймақтық диалог арқылы "біртіндеп еңсеруді" көздейді
ХАМАС Израильді Газа геноцидінің дәлелдерін жасыруға тырысты деп айыптайды
Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан алты адам жараланды
Фолькер Тюрк жаһандық дағдарыстарға байланысты үндеу жасады
Ресей: «Германия Бонндағы Бас консулдығымызды негізсіз сылтаумен жапты»
Ресей мен Украина келіссөздері қайта жандануы мүмкін
Түркияның волейболдағы жеңісі Италия баспасөзінде кеңінен талқыланды
Жаңа Делиде көпқабатты ғимарат опырылып, бес адам қаза тапты
БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінде Газа мәселесіне баса назар аударылды
Қытайдың Өзбекстан экономикасына әсері: Сауда көлемі өсуде, тапшылық артуда
Израиль Ливанға соққы берді
Иран Ормуз бұғазы маңында тыйым салынған аймақ жарияламақ