ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Газада Израильдің шабуылдарынан тағы тоғыз адам қаза тапты
Мұхабарат ауданындағы тұрғын үйге жасалған әуе шабуылы салдарынан бір отбасының бес мүшесі – Хасан Ребах Лебид, оның жұбайы Манар және олардың үш баласы Мұхаммед, Рахаф пен Тамим қаза тапты.
Газада Израильдің шабуылдарынан тағы тоғыз адам қаза тапты
Газада Израильдің шабуылдарынан тағы тоғыз адам қаза тапты. / AA

Атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан Израильдің Газа секторына жасаған жаңа әуе шабуылдары кезінде кемінде тоғыз палестиналық, оның ішінде балалар да қаза тауып, көптеген адам жараланды.

Әл-Шифа ауруханасындағы дереккөздің мәліметінше, Израиль шабуылдары Газадағы төрт тұрғын үйді нысанаға алғаннан кейін адам шығыны тіркелген.

Дереккөздер Израильдің әскери ұшақтары мен тікұшақтары бір мезгілде Газаның батысы мен солтүстігіндегі бірнеше үйге соққы жасағанын хабарлады. Нысанаға алынған аудандардың қатарында Шати босқындар лагері, Шейх Ридван ауданы, Тель әл-Хава ауданы және Мұхабарат ауданы бар.

Ең қанды шабуыл Мұхабарат ауданындағы Лебид тұрғын үйінің төртінші қабатына жасалды. Соның салдарынан бір отбасының бес мүшесі – Хасан Ребах Лебид, оның жұбайы Манар және үш баласы Мұхаммед, Рахаф пен Тамим қаза тапты.

Олардың тоғыз жастағы қызы Хала үйінді астынан жеңіл жарақатпен құтқарылды.

Дереккөздердің айтуынша, Тель әл-Хава ауданындағы пәтерге жасалған шабуылдан екі палестиналық қаза тапқан. Сонымен қатар Шати босқындар лагеріндегі Мұханна отбасының үйіне және Шейх Ридван маңындағы Әбу Амин қиылысы жанындағы тұрғын үйге жасалған шабуылдардан кемінде тағы екі адам көз жұмған.

Сондай-ақ Нассер ауруханасы бұған дейін Израильдің әл-Мауаси аймағына жасаған бомбалауынан ауыр жараланған бір әйелдің қайтыс болғанын хабарлады.

Кең ауқымды қирату

Израильдің әуе шабуылдары оккупациялық күштердің өз бақылауындағы солтүстік және оңтүстік аймақтарда кең көлемді қирату операцияларын жүргізуімен қатар өтті.

Куәгерлердің айтуынша, Израиль әскері Хан-Юнус қаласының шығыс бөлігінде кемінде 10 ғимарат пен нысанды қиратқан. Сонымен бірге Газаның шығыс аудандарында тағы екі қирату операциясы жүргізілген.

2023 жылғы 8 қазанда Израиль Газаға қарсы геноцидтік соғыс бастады. Осы кезеңде шамамен 73 мың палестиналық қаза тауып, 173 мыңға жуық адам жараланды. Аймақ инфрақұрылымының 90 пайызы жойылды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Газада қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты
Іздеу
АҚШ НАТО-ның Еуропадағы операцияларын қысқартпақ
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
БҰҰ Израильді палестиналық балаларды қорғауға шақырды
Қытайдың оңтүстігінде жарылыс болды
Иран Ормуз бұғазын жапқанын хабарлады
Иран Иорданиядағы АҚШ-тың әуе базасына соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Иранға ескерту жасады
Иран АҚШ-тың 18 ірі әскери нысанына қарымта соққы берді
Иран АҚШ шабуылдарын айыптады
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-қа қатаң ескерту жасады
Әлемдегі қақтығыс саны алаңдатарлық деңгейге жетті
Израиль тағы сегіз палестиналықты өлтірді
Ресей Украинаның Харьков қаласына шабуылдады
Иран АҚШ пен Израильге қатаң ескерту жасады
Каирде Газа бойынша келіссөз жалғасуда
Пашинян сайлауда жеңіске жетті
Хоуситтер Израиль кемелеріне толық блокада жариялайтынын білдірді
Кашмирде 7 адам қаза тапты
Филиппиннің оңтүстігінде жойқын жер сілкінісі болды
Иран–Израиль қақтығысы ушыға түсті