ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Трамптың ақыл-ойы мен денсаулығына сенім азайды
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ Үй клиникасы бола тұра Флоридадағы тіс дәрігерін таңдап, денсаулығына қатысты пікірталастарды қайтадан өршітті.
Трамптың ақыл-ойы мен денсаулығына сенім азайды
Трамптың ақыл-ойы мен денсаулығына сенім азайды / Reuters

The Washington Post”, “ABC News” және “Ipsos” жүргізген жаңа сауалнама америлықтардың 59 пайызы Трамптың президенттік міндетін атқару үшін қажетті интеллектуалдық қабілетке ие емес екеніне сенетінін көрсетті.

Респонденттердің 55 пайызы Трамптың физикалық денсаулығы бұл лауазым үшін жеткіліксіз екенін атап өтті. Өткен күзде жүргізілген сауалнамада Трамптың физикалық денсаулығын жеткіліксіз деп санайтындардың үлесі 45 пайыз деңгейінде болған еді.

Созылмалы денсаулық мәселелері мен медициналық таңдаулар талқылануда

Келесі айда 80 жасқа толатын Трамптың денсаулығына қатысты қауесеттер тек тіс дәрігеріне баруымен шектелмеді. Демалыс күндері Флоридаға жасаған сапары кезінде түсірілген фотосуреттерде Трамптың тобығының ісік екені байқалды.

Мамандар бұл жағдайдың өткен шілде айында қойылған «созылмалы веноздық жеткіліксіздік» диагнозы салдарынан аяқта қан жиналуынан туындағанын айтады.

АҚШ президенті Дональд Трамптың медициналық әдеттері де бақылауға алынды. Президенттің дәрігер кеңесінен төрт есе көп, яғни күніне 325 миллиграмм аспирин қолданатыны хабарланды. Трамп бұл таңдауын «қанының қоюланғанын қаламайтынымен» ақтады.

Сондай-ақ қолының көгеруі де аспиринді жоғары дозада қолданудың жанама әсері екені айтылуда, ал Ақ Үй бұл жағдайды бұған дейін «қатты қол алысулармен» түсіндірген болатын.

Сынға «жақсы ген» арқылы жауап беру

Дональд Трамп ақыл-ой жағынан да, физикалық жағынан да «керемет» күйде екенін алға тартуды жалғастыруда. Ақ Үйдің бұрынғы дәрігері Ронни Джексонның ол туралы «соңғы үш президенттің ішіндегі ең дені сау адам» дегенін еске салған Трамп егер фаст-фуд жемесе «200 жыл өмір сүре алатыны» туралы уәжін тағы да қайталады.

Екінші жағынан кездесу кезінде көзін ұзақ уақыт жұмып отырған кадрларға қатысты Трамп бұл сәттердің жай ғана «көз қағу сәттері» екенін немесе кейбір жиналыстардың «іш пыстырарлық» болуына байланысты тынығып алуды жөн көргенін айтты.

Жылдық медициналық тексеру мерзімін бір айға кешіктірген Трамптың келесі ресми “check-up” есебін жұртшылық асыға күтеді.

 

Іздеу
Ішкі істер министрі Чифтчи 19 мамырдың тарихи маңызына тоқталды
Иран Ормуз бұғазын басқару үшін жаңа орган құрды
Түркия Қырым татарлары мен черкес халқының қасіретін еске алды
Батыс Шерияда палестиналықтарға өлім жазасын қарастыратын заң күшіне енді
Пәкістанда жарылыс болды
Эрджиес шаңғы орталығы биылғы маусымда 3 миллион 300 мың турист қабылдады
Израиль Ирак аумағында екі құпия әскери база құрған
АҚШ өкілі Сирияны бүкіл өңір үшін «үміт» деп атады
Хакан Фидан мен Аббас Аракчи АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздерді талқылады
Израиль Газада азық-түлік тарату пунктін бомбалап, тағы 4 палестиналықты өлтірді
Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бес лауазымды тұлғасына ордер шығарды
Президент Ердоған Халықаралық отбасы күніне орай құттықтау жолдады
Президент Ердоған: “Еуразиядағы бейбітшіліктің кілті: Түркі әлемі”
Хакан Фидан Түркі Мемлекеттері Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысады
Президент Ердоған ұлттық спортшыларды құттықтады