ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия мен Корея стратегиялық байланыстарды нығайтпақ
Сеулдегі кездесулерден кейін Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркия мен Оңтүстік Кореяның түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылысы қайта растағанын айтты.
Түркия мен Корея стратегиялық байланыстарды нығайтпақ
Министр Фидан 2026 жылғы 4 маусымда Сеулге жасаған ресми сапары аясында Корея университеті ұйымдастырған «143-ші Халықаралық саясат форумында». / AA

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркия мен Оңтүстік Кореяның ядролық энергетика, көлік, қорғаныс өнеркәсібі және жоғары технологиялар сияқты стратегиялық салаларда жүзеге асырылуы мүмкін бірлескен бастамаларды талқылағанын мәлімдеді.

Сеулдегі кездесулерден кейін Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркия мен Оңтүстік Кореяның түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылысы қайта растағанын айтты.

Бейсенбі күні “X” әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында Фидан:

«Сауда-экономикалық байланыстарымызды дамыту және өзара инвестицияларды арттыру бағытындағы ортақ еркімізді растадық», - деді.

Министрдің айтуынша, тараптар сондай-ақ ядролық энергетика, көлік, қорғаныс өнеркәсібі және жоғары технологиялар секілді стратегиялық секторларда іске асырылуы мүмкін бірлескен жобаларды талқылады.

Фидан келіссөздер барысында Азия–Тынық мұхиты аймағы мен Таяу Шығыстағы оқиғаларды қоса алғанда, өзекті өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу жүргізілгенін жеткізді.

Сонымен қатар ол екі елдің Біріккен Ұлттар Ұйымы, MIKTA (Мексика, Индонезия, Оңтүстік Корея, Түркия және Австралия арасындағы бейресми серіктестік) және G20 сияқты халықаралық платформалардағы тығыз ынтымақтастығының маңыздылығы тағы да расталғанын атап өтті.

Корея университетінде сөйлеген сөзінде Фидан халықаралық жүйенің алдында тұрған сын-қатерлер мен жаһандық басқарудың болашағына қатысты өз бағаларын бөлісіп, Түркияның көзқарасын таныстырғанын айтты.

Фидан өз жазбасында сондай-ақ:

«Шейіттеріміз бен ардагерлеріміздің қастерлі рухы екі ел арасындағы мәңгі достықтың белгісі ретінде келер ұрпақтарға шабыт беруді жалғастыра береді», - деді.

Министр сөзін:

«Алдағы кезеңде Түркия мен Корея Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті өзара тиімділік негізінде одан әрі тереңдете береміз», -  деген қорытындымен аяқтады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сыртқы істер министрі Фидан ертең Оңтүстік Кореяға барады
Іздеу
НАТО-ның Анкара саммитінің декларациясы жарияланды
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Кремль: "Біз Анкарадағы НАТО саммитін мұқият қадағалап отырмыз"
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті