ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Пашинян Әзербайжанмен ортақ жол картасын жасауға шақырды
Армения премьер-министрі Никол Пашинян «Таулы Қарабақ мәселесін шешу кез келген ұзақ мерзімді қақтығысты жоюды білдіреді», - деп мәлімдеді.
Пашинян Әзербайжанмен ортақ жол картасын жасауға шақырды
Пашинян Әзербайжанмен ортақ жол картасын жасауға шақырды / Reuters

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжанға Қарабақ мәселесін түбегейлі аяқтауға қатысты ортақ жол картасын қабылдауды ұсынды.

Пашинян Германиядағы баспасөз мәлімдемесінде «Мен Әзербайжанға тікелей ұсыныс жасап отырмын: отырып осы мәселені қалай шешетініміз жөнінде бірлескен жол картасын әзірлейік», - деді.

Пашинянның бұл мәлімдемесі Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің сейсенбі күні Армения мен Еуроодақ арасында осы айдың басында қабылданған стратегиялық күн тәртібіне қатысты жасаған сынына жауап ретінде айтылды. Баку құжаттағы «Әзербайжанның әскери операцияларынан кейін қоныс аударған Қарабақ армяндары» деген тұжырымды сынға алған болатын.

Сондай-ақ Әзербайжан бұл топты «босқындар» ретінде жіктеуді «Әзербайжанға қарсы біржақты көзқарастың айқын көрінісі» деп бағалады.

«Қарабақ мәселесі қайта көтерілмеуі керек»

Армяндардың Қарабаққа қайта оралу мәселесін «қауіпті тақырып» деп бағалаған Пашинян «Бұл мәселенің түбегейлі жойылуы ұзақ мерзімде «кез келген қақтығыс жағдайын болдырмау демек»,- деді.  

Пашинян: «Мен Қарабақтағы халқымызға да олардың қайта оралуы шындыққа жанаспайтынын айттым», - деп қосты.

Армения премьер-министрі: «Қайта оралуға қатысты мәселелерді жалғастыру Қарабақ қозғалысын қайта жандандыру демек. Ал мен Қарабақ қозғалысын қайта бастамауымыз керектігін айттым. Қарабақ қозғалысы аяқталды, оны қайта қозғау нәтижесіз», - деді.

Пашинян сондай-ақ: «Алайда Арменияда Әзербайжанның үнемі мағынасы түсініксіз «Батыс Әзербайжан» деген терминді қолданып жүргенін көріп отырмыз», - деп атап өтті. Әзербайжан бұл ұсынысқа қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды