ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия «Sumud» флотилиясына жасалған шабуылдан кейін азаматтарының жағдайын қадағалап отыр
Түркияның дипломатиялық дереккөздері Израильдегі Түркия Елшілігінің қамауға алынған азаматтарды қорғау үшін қажетті қадам басқанын мәлімдеді.
Түркия «Sumud» флотилиясына жасалған шабуылдан кейін азаматтарының жағдайын қадағалап отыр
Түркия «Sumud» флотилиясына жасалған шабуылдан кейін азаматтарының жағдайын қадағалап отыр / Reuters

Түркияның дипломатиялық дереккөздерінің мәліметінше, Түркия халықаралық суларда Израиль күштерінің шабуылына ұшыраған жаһандық «Sumud» флотилиясы құрамындағы Түркия азаматтарының жағдайын мұқият бақылауда.

Түркияның Израильдегі Елшілігі қамауға алынған азаматтарды қорғау үшін қажетті шаралар қабылдады.  Ресми өкілдер кемедегілердің отбасыларына соңғы жағдай туралы ақпарат берілгенін атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - «Израильдің Газа флотилиясына жасаған шабуылы «террорлық әрекет»

Ресми флотилия бақылаушысының дерегіне сәйкес, Израиль күштері 21 кемеден кемінде 317 белсендіні қамауға алған. Олардың 25-і Түркия азаматы.  Гуманитарлық көмек пен медициналық жабдықтар тиелген бұл флотилия тамыз айының соңында жолға шыққан болатын. Флотилия құрамында 45-тен астам елден 532 ерікті және 50-ден астам кеме бар.

Израиль белсенділерді елден шығарады

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, Израиль әскери-теңіз күштері қоршаудағы Газаға бет алған халықаралық көмек флотилиясына шабуыл жасап, кемедегі жүздеген белсендіні қамауға алған. Белсенділердің арасында Испания, Италия, Бразилия, Түркия, Грекия, Америка, Германия, Швеция, Ұлыбритания, Франция азаматтары және басқа да көптеген ұлт өкілдері болған.

Израиль Сыртқы істер министрлігі «X» платформасында жасаған мәлімдемесінде қамауға алынған белсенділердің Израильдің Ашдод портына жеткізілгенін және сол жерден Еуропаға депортацияланатынын хабарлады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Газаға бет алған флоттағы азаматтарының тұтқындалуына байланысты тергеу бастады

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады