МӘДЕНИЕТ
1 ... минут оқылды
Түркияның Траллеис көне қаласында 2 мың жылдық мозаикалы зал табылды
Археологиялық кешенді жақын уақытта келушілер үшін ашу жоспарланып отыр.
Түркияның Траллеис көне қаласында 2 мың жылдық мозаикалы зал табылды
Айдындағы Траллеис көне қаласында 2 мың жылдық мозаикалы зал табылды.

Археологиялық қазба жұмыстары барысында Рим империясы дәуіріне жататын, шамамен 2 мың жылдық еден мозаикасы сақталған зал жарыққа шығарылды.

Эфелер ауданында орналасқан, тарихы екі мың жылдан асатын Траллеис көне қаласындағы көп мақсатты білім беру кешені аумағында қазба жұмыстары жалғасуда.

Зерттеу барысында кешеннің күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты көптеген археологиялық олжамен қатар Византия дәуіріне тиесілі жәдігерлер де табылды.

Кешеннің солтүстік бөлігінде жүргізілген қазба кезінде мозаикамен көмкерілген зал анықталды. Ондағы мозаикалардың арасында теңіз құдайы Посейдон мен оның қасиетті жануары саналатын теңіз тұлпары бейнеленген көріністер ерекше назар аударды. Мамандардың пікірінше, бұл залдың Рим империясы кезеңінде белсенді пайдаланылғанын көрсетеді.

Бұған дейін жүргізілген қазбалар барысында осы кешеннен сол дәуірдегі олимпиадалық жүзу бассейндерінің бірі болуы мүмкін нысан да табылған еді.

Білім мен ғылым орталығы

Траллеис көне қаласы антикалық дәуірде жазушылар, ақындар, дәрігерлер, инженерлер және басқа да ғылым өкілдері тәрбиеленген маңызды білім мен мәдениет орталығы ретінде белгілі.

Археологиялық кешенді жақын уақытта келушілер үшін ашу жоспарланып отыр.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады