Ұлыбритания премьер-министрі Анкарада
Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармерді Анкарада салтанатты түрде қарсы алды.
Президент Ердоған Стармерді сарайдың негізгі кіреберісінде қарсы алды. Ердоған мен Стармер рәсім өтетін аланға келгеннен кейін оркестр екі елдің мемлекеттік гимндерін орындады.
Салтанатты рәсімде тарих бойынша құрылған 16 түркі мемлекетінің туларын ұстаған сарбаздар сапқа тұрды, 21 зеңбіректен салют атылды.
Ұлыбритания премьер-министрі Стармер Құрмет қарауылының сапына «Сәлем, сарбаз!» деп сәлем берді.
Президент Ердоған мен Стармер өздерінің делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды. Кейін олар сарайдың баспалдағында Түркия мен Ұлыбританияның тулары алдында қол алысты.
Ердоған мен Стармер екіжақты кездесу өткізгеннен кейін делегацияларға арналған іскерлік асында бас қосты. Келісімдерге қол қою рәсімінен кейін олар бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді.
Салтанатты рәсімге сондай-ақ Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер, Президент Әкімшілігінің Бас хатшысы Хаккы Сусмаз, Түркияның Ұлыбританиядағы елшісі Осман Корай Ерташ, Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран және Президенттің сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі бас кеңесшісі Акиф Чагатай Кылыч қатысты.