ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Таяу Шығыстағы соғыс мұнай жеткізіліміне ең ауыр соққы болды
Ормуз бұғазының жабылуына байланысты наурыз айында жаһандық мұнай жеткізілімі тәулігіне 8 миллион баррельге қысқарады деп болжануда.
Таяу Шығыстағы соғыс мұнай жеткізіліміне ең ауыр соққы болды
Шығанақ елдері жалпы мұнай өндірісін тәулігіне кемінде 10 миллион баррельге қысқартты. / Reuters

Халықаралық энергетика агенттігі бейсенбі күні стратегиялық қорлардан рекордтық көлемде мұнай босатуға келіскеннен кейін Таяу Шығыстағы соғыс тарихтағы ең ірі мұнай жеткізілімі үзілісіне алып келгенін мәлімдеді.

АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға әуе шабуылдарын бастағаннан бері Иран жағалауы бойымен созылған Ормуз бұғазының жабылуына байланысты наурыз айында жаһандық мұнай жеткізілімі тәулігіне 8 миллион баррельге азаюы болжануда.

Халықаралық энергетика агенттігі соңғы айлық мұнай нарығы туралы есебінде Таяу Шығыстағы Парсы шығанағы елдері қақтығыс салдарынан жалпы мұнай өндірісін кемінде 10 миллион баррельге қысқартқанын, бұл әлемдік сұраныстың шамамен 10 пайызына тең екенін, ал егер тасымал ағындары жедел түрде қайта іске қосылмаса, бұл шығындар одан әрі арта түсетінін атап өтті.

Агенттік: «Өндірістің дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралуы кен орындарының күрделілік дәрежесіне, сондай-ақ жұмысшылардың, жабдықтардың және ресурстардың аймаққа қашан қайта оралуына байланысты апталарға, ал кейбір жағдайларда тіпті айларға созылуы мүмкін», - деп мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Мұнай бағасы артты
Іздеу
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
Түркия Израильдің Сирия аумағындағы заңсыз әрекеттерін айыптады
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
Испанияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді